Қазақстан халқы Ассамблеясы

28 Мамыр, 2021

244

Жамбыл облыстық ҚХА мүшелері Риддер тұрғындарына қол ұшын созды

Риддерде болған өрттен жапа шеккен тұрғындарға көмек көрсету жалғасып келеді.

Атап айтқанда, Жамбыл облысы ҚХА-ның мүшелері мен этномәдени бірлестік өкілдері және «Қоғамдық келісім» КММ ұжымы өрттен жапа шеккен аймаққа қол ұшын берді. Қайырымдылық шарасына этномәдени бірлестіктер өкілдері мен облыстық ҚХА мүшелерінің атсалысуымен барлығы 300 мың теңге қаржылай көмек жиналды.

Төтенше жағдай салдарын жою кезінде баспанасын тастап шығуға мәжбір болған барлық тұрғындарға Қазақстанның түкпір-түкпірінен көлемі - 6,9 млн теңгені құрайтын өтемақы төленді.

Кейін қарай