Қазақстан халқы Ассамблеясы

03 Қыркүйек, 2021

483

Жамбыл облысында ҚХА жастары мектеп оқушыларына сыйлық жасады

Жамбыл облыстық «Жаңғыру Жолы» жастар қозғалысының өңірлік штабы белсенділерінің ұйымдастыруымен «Мектепке жол-2021» қайырымдылық акциясы өтті. Білім күні қарсаңында Жамбыл облысы Байзақ ауданындағы жарылыстан зардап шеккен Қайнар ауылының тұрғындарына және көпбалалы отбасынан шыққан мектеп оқушыларына арнап қайырымдылық жасалды.

Акцияның мақсаты – қайырымдылықты насихаттау, қоғамдық сананы дамыту мен жақсартуға көмектесу, жастардың патриоттық сезімін ояту. Сондай-ақ, қоғамдағы маңызды бастамаларды, қоғамдық келісім мен халықтың бірлігін нығайтуға қатысты жобалар мен ұсыныстарды қолдау және ынталандыру.


Іс-шара барысында мектепке алғашқы қадам басқан бүлдіршіндерге қажетті оқу құралдары табысталды. Сондай-ақ, 20 бастауыш сынып оқушыларына мектеп сөмкесі, аяқ киім, оқу жабдықтары берілді. Бұған қоса, штаб жастары балаларды білім күнімен және жаңа оқу жылының басталуымен шын жүректен құттықтап, білім алу жолдарына сәттілік тіледі.

Ауыл тұрғындары және ата-аналар ассамблея жастарының бұл игі істеріне алғыс білдірді.

Кейін қарай