Қазақстан халқы Ассамблеясы

04 Наурыз, 2021

717

Жамбыл облысында өткен Аналар кеңесінің отырысында әйелдің отбасындағы орны талқыланды

Жамбыл облысы ішкі саясат басқармасы мен «Қоғамдық келісім» КММ ұйымдастыруымен 8 наурыз халықаралық әйелдер күні мерекесінің қарсаңында Меркі ауданында «Қазақтың дәстүрлі құндылықтары: «Отбасындағы әйелдер образы және тәрбие» тақырыбында ҚХА Аналар кеңесінің кеңейтілген көшпелі отырысы өтті.

Отырыс барысында этнос әйелдерінің жұмыспен қамтылуы, бюджеттен аналарға арнайы қаражат қарастыруы, мектеп жанындағы қыздар жиналысын қалпына келтіру, тәрбие жұмысына өнегелі аналарды тарту, дін өкілдерімен байланыс, уақытша жұмыссыз қалған аналарға арналған әлеуметтік қор ұйымдастыру, көпбалалы аналарды тегін интернет жүйесімен қамтамассыз ету, азаматтық алу туралы мәселелер көтерілді. Сондай-ақ, аудандағы этнос қыздарының арасында тұрмысқа ерте шығудың алдын алу, отбасындағы зорлық-зомбылық, отбасындағы әйелдің рөлі талқыланды.

Отырыс барысында көтерілген мәселенің тең жартысы жергілікті деңгейде шешілсе, қалғаны жоғары органдарға ұсыныс ретінде жіберілді.

Кейін қарай