Қазақстан халқы Ассамблеясы

31 Мамыр, 2019

3631

Жамбыл облысының еврей этномәдени орталығы этнос Күнін атап өтті

Жамбыл облысының Түймекент  ауылында еврей этномәдени орталығы Социалистік еңбек ері және Қазақстан Республикасының құрметті азаматы Александр Нахмановичтің 95 жылдығына орайластырып этнос Күнін атап өтті. Іс-шараға «Өмірдің қиын жағдайына тап болған балаларды қолдау» Орталығының тәрбиеленушілері де қатысты.  

DSC_0395.JPG

«Биылғы жылы біз этнос күнін сәл өзгеше түрде өткізуді ұйғардық. Бұл бұрынғыдан өзгерек еске алу кеші болды. Біз - біртұтас отбасымыз, біздің ортақ үйіміздің болашағы - Қазақстан. Мұның бәрі Мемлекет басшысының, Қазақстан үкіметінің дана саясатының және қазақтардың мейірімділігінің арқасы мүмкін болып отыр. Қазір этносаралық қарым-қатынастарда бірлік пен үйлесімділікті дамытуға үлес қосудамыз», – деді өз сөзінде Жамбыл облысы «Шиват Цион» еврей этномәдени орталығының қоғамдық бірлестігінің төрағасы Людмила Корнилина.

Кеш соңы концертке жалғасты. Әртүрлі этникалық топтардың балалары мемлекеттік тілде өздерінің патриоттық әндерін орындап, алғыс хаттар мен мақтау қағаздарымен марапатталды.

DSC_0444.JPG

Шараның құрметті қонағы, А.Нахмановичтің досы, замандасы,   Түймекент ауылы ардагерлер кеңесінің төрағасы Бозай Оразалы естеліктерімен бөлісті.

«Мен депортацияланған халықтардың қайғысы туралы жақсы білемін, өйткені еврейлер туған жерінен мәжбүрлі түрде қазақ жерлеріне қоныстанды. Соғыстан кейін Жамбыл облысына оралған Александр Львович «Джамбульский» қант совхозында  есепші және бөлім меңгерушісі болып жұмыс істей бастады. Кейін ол «Трудовой пахарь» колхозының төрағасы болып тағайындалды. Нәтижесінде арнайы бригадалық топтарын ұйымдастырып, колхоздың еңбек ету деңгейін жоғары дәрежеге жеткізді. КСРО Жоғарғы Кеңесі Президиумының 1965 жылғы қаулысымен «Ленин ордені» және «Серп и Молот»  алтын медальдарымен наградтталып, оған Социалистік Еңбек Ері атағы берілді, деді ардагер.

Кейін қарай