Қазақстан халқы Ассамблеясы

24 Мамыр, 2021

330

Жамбылда түрік этномәдени орталығы қайырымдылық шарасын өткізді

Жамбыл облыстық «Ахыска» түрік этномәдени орталығы» қоғамдық бірлестігі облысымыздағы әлеуеті төмен отбасыларға және көпбалалы аналарға көмек көрсетті.


Атап айтсақ, Шу ауданының 45 отбасына, Меркі ауданының 50-ден аса отбасына және Қордайдағы 25 отбасыға азық-түлік себеттері жеткізілді.

Сондай-ақ, Байзақ ауданының елу шақты әлеуметтік жағдайы төмен отбасысына, Жамбыл ауданындағы 25 отбасы мен облыс орталығы Тараз қаласында тұратын 50 жанұяға барлығы - 700 000 теңге көлеміндегі күнделікті қажет ететін ұн, күріш, қант, макарон өнімдері, күнбағыс майы т.б. салынған себеттер таратылды.


Кейін қарай