Қазақстан халқы Ассамблеясы

07 Қараша, 2022

550

Жетісу казактарының есептік-сайлау конференциясы өтті

2022 жылы 6 қарашада Алматы қаласындағы республикалық Достық үйінде «Жетісу казактар одағы» қоғамдық бірлестігінің есептік-сайлау конференциясы өтті.

Іс-шараға Қазақстан халқы Ассамблеясының, «Қазақстанның орыс, славян және казак ұйымдарының қауымдастығы» ЗТБ, этномәдени бірлестіктердің мүшелері және өңірлерден шақырылған делегаттар қатысты.

Күн тәртібінде Алматы қаласы, Жетісу, Абай, Оңтүстік Қазақстан, Солтүстік Қазақстан және Қарағанды облыстарында Жетісу казактары одағының филиалдарын ашу жөніндегі Жарғыға өзгерістер мен толықтырулар енгізу, «Жетісу казактар одағы» қоғамдық бірлестігінің басқарушы органдарын сайлау мәселелері талқыланды.


Жиын барысында қатысушылар Жетісу казактар одағының атаманы ретінде Владимир Шихотовтың кандидатурасын қолдап, қайта сайлады. Сонымен қатар 2022 жылғы 20 қарашада өтетін Қазақстан Республикасының Президентін кезектен тыс сайлауға белсенді атсалысып, дауыс беруге шақырды.

Кейін қарай