Қазақстан халқы Ассамблеясы

25 Желтоқсан, 2020

602

Жуалыда шешен- ингуш этносының мәдениет күні аталып өтті

Ағымдағы жылдың желтоқсан айында Жуалы ауданында «Вайнах» Жамбыл шешен-ингуш мәдени орталығы» қоғамдық бірлестігі этностың салт-дәстүрі мен әдет-ғұрпы, мәдениеті мен тарихына арналған мәдениет күнін атап өтті.

Іс-шараның мақсаты – этностардың мәдениетін, тілін, тарихын және дәстүрлерін насихаттау. Іс-шара этномәдени бірлестіктердің шығармашылық ұжымдарының қатысуымен концерттік бағдарламаға ұласты.

Жиынға этнос өкілдері мен шешен-ингуш этносының жастар қанаты белсене қатысты. Концерттік бағдарламада шешен халқының әндері шырқалып, жастар ұлттық киімдерде кавказдық билерді биледі. Сондай-ақ, шешен-ингуш этносының қолөнері мен ұлттық бұйымдарының көрмесі ұйымдастырылды.

Шара соңында Жуалы аудандық шешен-ингуш мәдени орталығы жетекшісісінің орынбасары Лечи Оздамиров қоғамдық бірлестіктің белсенді қатысушыларына алғыс хаттар мен сый-сияпаттар табыс етті.

Кейін қарай