Қазақстан халқы Ассамблеясы

19 Наурыз, 2021

343

Жыл басынан бері қызылордалық ҚХА 2700 адамға көмек көрсетті

Қызылордада Наурыз мейрамы қарсаңында облыстық ішкі саясат басқармасы «Қоғамдық келісім» КММ ұйымдастыруымен өзбек этномәдени бірлестігінің қолдауымен қайырымдылық акциясы өткізілді.

«Қайырымдылық істер марафоны» аясындағы акцияға «Қоғамдық келісім» КММ директоры Бауыржан Мастеков және облыстық ҚХА жанындағы Волонтерлер орталығы мен «Жаңғыру жолы» жастар қозғалысының белсенділері қатысып, игі істерді жалғастырды.

Акция аясында әлеуметтік жағдайы төмен отбасыларға азық-түлік пен киім-кешек таратылды.

Жыл басынан бері Қызылорда облыстық Қазақстан халқы ассамблеясы жанындағы Волонтерлер және этномәдени бірлестік орталығының өкілдері 2700-ге жуық адамға көмек көрсетті. Бұндай ізгілік пен мейірімге толы жұмыстар жыл бойы жалғасын табады.

Кейін қарай