Қазақстан халқы Ассамблеясы

09 Желтоқсан, 2020

502

«Жыл волонтері» халықаралық сыйлығының 48 жеңімпазы анықталды

Мемлекет басшысының тікелей қолдауымен басталған Еріктілер жылы да аяқталуға жақын. Бұл ауқымды жоба аясында елдегі еріктілік қозғалыстың қарқыны өсіп, волонтерлік акциялардың саны бірнеше есе артқанын көрдік. Мемлекет үздік волонтерлік жобаларды қолдап, түрлі идеялар мен тәжірибелердің үлкен базасын құрды.

Жыл шеңберінде жарияланған еріктілердің байқауына қатысу үшін еліміздің түкпір-түкпірі және шетелдерден 768 өтінім түсіпті. Екі іріктеу кезеңінен сүрінбей өткен қатысушылардың ішінен тәжірибелі қазылар алқасы «Жыл волонтері» халықаралық сыйлығының 48 жеңімпазын анықтаған. Олардың қатарында Жамбыл облысының волонтерлері де бар. Облыстық ҚХА «Жаңғыру жолы» қозғалысының төрайымы Хамида Турдыева «Корпоративті волонтерлік көшбасшылары» номинациясын еншілесе, жастар қозғалысының белсендісі Станислав Насыров «Бейбітшілікті, достық пен келісімді нығайтуға қосқан үлесі үшін» номинациясын иеленді.

Сонымен қатар, қайырымдылық пен бизнестің әлеуметтік жауапкершілігін арқалап, еліміздің дамуы мен өркендеуіне үлес қосып жүрген жаны жомарт жандарды көтермелейтін дәстүрлі «Жомарт жүрек» сыйлығы да үлестірілді.


Кейін қарай