Қазақстан халқы Ассамблеясы

3560

Алматы облысының қоғам белсенділері: Реформаларды жүзеге асыруда қоғамның ортақ мақсатқа жұмылуы маңызды

Жолдауда Елбасы Қазақстанның барлық сала бойынша жан-жақты дамуына, өсуіне, орнықты дамуы үшін өмір сүру деңгейін арттыру мен Қазақстанның жаһандық бәсекеге қабілетін қамтамасыз ететін экономикалық өсімнің моделін құрудың үлкен өрелі мәселелерін атап өтті.

Жалпы халықтың өмір сүру деңгейін көтеретін басты фактор – білім беру саласы. Білім саласындағы оңтайлы өзгерістер экономиканың, өндірістің, ғылым мен техниканың алға қарай дамуына жол ашатын пәрменді күш. Сондықтан білім беру жүйесінің дамуына Елбасы баса назар аударып отыр. Қазіргі жаһандану дәуірінде әлемдік білім статусы дәрежесі де даму жолында. Ұстаздар қауымы жаңартылған бағдарлама жүйесін меңгеріп, шәкірттердің шет елдерде кәсіби жан-жақты білім алуларына даңғыл жол ашып, өз құзыреттіліктерін көтеруде. 

Елбасы келесі, 2019 жылы «Педагог мәртебесі» туралы заңды әзірлеуді ұсынды. Мұғалім - ең мәртебелі мамандық. Мұғалім мәртебесі көтерілсе, білім мен ғылымның, өнердің, мәдениеттің, денсаулық сақтау, әлеуметтік сала және экономиканың мәртебесі көтеріледі. 

Елбасының білім саласына деген қамқорлығы мен тегеурінді демеуінің арқасында жоғарғы оқу орындарына түсу үшін көптеген білім гранттары бөлінді. Сонымен қатар Назарбаев зияткерлік мектептерінің оқыту жүйесі мен әдістемесі мемлекеттік мектептер үшін бірыңғай стандарт болды.

Осы стандарттар негізіндегі жұмыстар мектеп білімін реформалаудың қорытынды кезеңі болатындығына сенеміз.

Елбасы Жолдауындағы білімге байланысты көтерілген мәселелер өте оңтайлы және қазақстандық білім беру қызметкерлері тарапынан үлкен қолдауға ие болды. Өйткені халықтың әл-ауқатының өсуі болашақ білімді ұрпақтың қолында.

Эльмира Иманбердиева,

Алматы облыстық ҚХА

 жанындағы Текелі қалалық

Аналар кеңесінің төрайымы,

 

Елбасымыз Н. Ә. Назарбаевтың халыққа Жолдауы жақсы дәстүрге айналды. Себебі жыл сайынғы әрбір Жолдаудың Қазақстанның дамуына әсер ететін күші орасан зор.

Жолдауда халыққа деген қамқорлық, халықтың әл-ауқатын арттыру, жастарға деген сенім мен жаңғырту үрдістеріне тың серпін мәселесі айтылды. Жолдауда Мемлекет басшысы қазақстандықтардың әл-ауқатының өсуі, табыс пен тұрмыс сапасын арттыру мәселелерін көтерді. 

Соның ішінде зейетақы мен мүғалімдердің жалақысы еселеп өсетінін айты. Адам еңбекқор болып, өз кәсібін жақсы меңгергенде және лайықты жалақы  алуға немесе  жеке кәсіп ашып, оны дамытуға мүмкіндік болған кезде табыс артады.

2019 жылдың 1 қаңтарынан бастап ең төменгі жалақыны 1,5 есе, яғни 28 мыңнан 42 мыңға дейін өсіруді тапсырды.

Бизнесті өркендетудің тұрақты көздерін қалыптастырып, жеке инвестицияны ынталандыру және нарық еркіндігін қолдау керек.

Дәл осы бизнес арқылы жаңа жұмыс орындары ашылып, қазақстандықтардың басым бөлігі табыспен қамтамасыз етіледі.

Сондай-ақ, білім берудің, денсаулық сақтау саласының, тұрғын үйдің сапасы мен қолжетімділігі, жайлы және қауіпсіз жағдайда өмір сүру мәселелері әрбір қазақстандық отбасына қатысты.

Біздің бейбітсүйгіш бағытымыз бен осы саладағы нақты айқындалған қағидаттарымыз өзін-өзі толық ақтап отыр.

Сондықтан, әрбір қазақстандық жүргізіліп жатқан реформалардың мәнін, мәнісін, олардың Отанымызды өркендету жолындағы маңызын жете түсінуге тиіс деп ойлаймын. Реформаларды жүзеге асыру үшін қоғамның ортақ мақсатқа жұмылуы біз үшін  аса маңызды.

 

       Сара Темірбаева,

 Алматы облыстық ҚХА

Панфилов аудандық

Аналар кеңесінің  төрайымы.

Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевт жыл сайынғы Жолдауында мәңгілік елдің болашағының баянды болуы үшін жаңа бағыт-бағдар беретіні бәрімізге аян. Сол арқылы біз болашаққа қадам басамыз. Биылғы Жолдаудың да алар орны ерекше.  

Жолдауда еліміздің әлеуметтік-экономикалық дамуы үшін қолға алынған бағыттардың жұмысын жақсартуға арнаған шарттарымен таныстық.  

Өз басым ұстаздық жолда еңбек еткендіктен ерекше атап өткім келетіні – Нұрсүлтан Әбішұлының келер жылы «Педагог мәртебесі туралы» заңды әзірлеп, қабылдау қажет деп санаймын. Бұл құжат мұғалімдер мен мектепке дейінгі мекемелер қызметкерлері үшін барлық игілікті қарастырып, жүктемені азайтуға, жөнсіз тексерістер мен міндеттен тыс функциялардан арашалауға тиіс екені айтылды. Орта білім беру жүйесінде негізгі тәсілдер белгіленген, қазіргі кезеңде солардың орындалуына баса назар аударған жөн. 

Білім сапасын бағалау жүйесі халықаралық стандарттарға негізделуге тиіс. Орта мектептердің өзінде балаларды мейлінше сұранысқа ие мамандықтарға бейімдеп, кәсіби диагностика жүргізу маңызды. 

Бұл оқытудың жеке бағдарын жасауға және оқушы мен мұғалімнің оқу жүктемесін азайтуға мүмкіндік береді.

Балалар қауіпсіздігінің маңыздылығын ескеріп, бүкіл мектептер мен балабақшаларды бейне бақылау жүйесімен қамтамасыз етуді, мектеп психологтарының жұмысын күшейтуді және басқа да дәйекті шараларды жүзеге асыруды тапсырды.

Жолдаудың халыққа берері көп, сондықтан оны бірауыздан қолдап отыр.  Өйткені, Жолдауда көтерілген мәселелер қаншама саланың тамырына қан жүгіртіп, біздің шынайы жаңғыруымыз бен жандануымызға нақты серпін бермек.

Бақыт Құрманғалиева,

Алматы  облыстық  ҚХА

жанындағы Ақсу аудандық

Аналар кеңесінің төрайымы

Кейін қарай