Қазақстан халқы Ассамблеясы

2539

Қарағандылықтар: Жолдауда ауылдық жерлердің әлеуметтік ортасын жаңғыртуға аса көңіл бөлінген

Елбасының Қазақстан халқына Жолдауы үлкен тарихи құжат.

Ол  келер 2019 жылы Қазақстан халқының алдына қандай айқын мақсат қою туралы мәселенің шешімін табу жолдарын көрсететін құжатпен таныстырды.

Елбасы халықтың әлеуметтік-тұрмыстық жағдайына әрдайым көңіл бөліп, оны жақсарту бағытын ұсынып отыратыны көңіл қуантады. Тағы ерекше қабылданған тармақ, «Ауыл-ел бесігі»,  «Сарбаз» және «Өз жеріңді танып біл» бастамалары.

Ауылдық жерлердің әлеуметтік ортасын жаңғыртуға, өскелең ұрпақ бойында патриоттық қасиет пен ұлтына деген сүйіспеншілікті ұялатуға бағытталған. Жалпы осы Жолдауда айтылған әрбір ой мен тапсырма қазақстандықтардың  бақуатты өмір сүруіне бағытталған.

Елбасы сынға алып, өзектілігін ашық айтқан мәселенің барлығы – қарапайым қазақстандықтардың көкейінде жүрген түйткілдер. Мәселен, мұғалім мәртебесі туралы заң қабылдау, медицина саласы қызметкерлерінің жалақысын көтеру, мемлекеттік қызмет пен құқық қорғау саласының жұмысын жетілдіру секілді толғақты мәселелердің түйінін Елбасы өзі тарқатты. Қалай болғанда да, қоғамдық жүйе де, қарапайым халық та бір серпіліп қалды.

                                                 Күліш Төлеуханова,

Қарағанды облысы ҚХА

                                                 Аналар кеңесінің мүшесі

  

Мемлекет басшысы биылғы Жолдауында сөйлеген сөзін 6 маңызды бөлімге бөліп қарастырды. Әрбір нақты аталған бөлімдер бойынша Президент Үкіметке нақты тапсырмалар берді.

Жалпы, қазақстандықтар Елбасының әр Жолдауы мен Стратегиялық бағдарламаларын асыға күтіп, ыстық ықыласпен қабылдайтын жағдайға жетті. Өйткені, Елбасының байыпты бастамалары мен сұңғыла саясатында нәтиже бар. Ал, ол нәтиже халық игілігіне айналып отыр.

                                       Ермек Әбілдин, 

                                       Қарағанды облысы кәсіпкерлер

                                         қауымдастығының жетекшісі,

кәсіби медиатор
 

 Мемлекет басшысының бұл Жолдауы ерекше, өйткені – қазақстандықтардың өмір сүру деңгейін және сапасын арттыруға нақты бағытталған. Ұлтым орыс болғанмен Қазақстанның патриотымын, әрі қазақ елінің өсіп өркендеуіне ат салысып, Елбасының әр бастамасын қолдаймын. Сондай ақ, жалпы Жолдаудың ерекше мән беретін бірқатар ерекшеліктеріне тоқталсам, олар – білім беру, денсаулық сақтау, тұрғын үй, әр отбасының жайлы да қауіпсіз өмір сүру мәселелеріне қатысты.

Президент Жолдауындағы ең маңызды бөлім – Жастар жылы. Әрбір жасқа мүмкіндік беріліп, сенім жүгі тапсырылғанын түсініп, қуанғанымды жасырмаймын. Жол ашылды. Бағдар бар. Бағыт айқын. Атқаратын, атқарылатын жұмыстар жетерлік. Елі сенген Елбасы ел ертеңі жастар деуінің өзі әрқайсымызды қанаттандырғаны сөзсіз. Біліммен қаруланып, технологияны меңгеріп, бүгініміз бен ертеңіміз үшін аянбай еңбек етіп, әр іске бел байлап, білек түре кірісетін уақыт бұл.

 

Анастасия Бережнова,

Қарағанды қалалық радиосының

қазақ тіліндегі бағдарламалар жүргізушісі

 

Кейін қарай