Қазақстан халқы Ассамблеясы

2357

Орынбек Айтбенбетов: Елбасының бастамалары – жаһандануға апарар айқын жол

Елбасы биылғы Жолдауында көптеген мәселелерді, атап айтқанда бизнестің «Жол картасы», бәсекелестікке қабілеттілік, тарифтік өзгерістер, көлік логистикасы, елдің эспорттық әлеуетін арттыру, агро-өнеркәсіптік кешеннің проблемалары, инновация, макроэкономикалық міндеттер жайлы баса айтты.

Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев кезекті Қазақстан халқына арнаған Жолдауында өңірлерде ұстаздарға кез келген жұмыс тапсырылатынын, аталған мәселені шешу үшін мұғалім мәртебесін айқындайтын Заң дайындауды тапсырды.

Осы орайда Елбасы мектептердегі орынсыз тексерістерді азайту, мұғалімдердің мәртебесін айқындау үшін арнайы Заң қажет екенін жеткізді.

Елбасы Жолдауда қаншалықты болашаққа мән беру керегін баса айтып отыр. Бүгінгі айтылып жатқан ұстаздың заңды түрде статусының өзгертілетіні ұстаздар қауымына үлкен серпіліс береді. Қазақстандық мұғалімдерге ұстаздар мерекесіне тұспа-тұс келіп жатқан бұл өзгеріс үлкен қуаныш әкелді деп ойлаймын. Елбасымыз ұлт болашағы балалар екенін айтып,  болашағымыз жақсы болу үшін спорт саласына да үлкен мән беріп жатыр.   Елбасының бастамалары жаһандануға алып баратын айқын жол. Ұстаз статусының өзгеруі мұғалімдер жұмысына серпіліс береді. Бұл біз үшін қуантарлық жағдай, әрі жұмысымызға үлкен жауапкершілік пен келелі міндеттерді жүктейді.

Орынбек Айтбенбетов,

Приозерск қаласы

Қоғамдық келісім

Кеңесінің төрағасы

 

Кейін қарай