Қазақстан халқы Ассамблеясы

7970

ШҚО қоғам белсенділері: Жолдау бір мұратқа бағытталған – Қазақстан халқының әлеуметтік деңгейін көтеру

Жолдаудың мұқым мақсаты бір ғана мұратқа бағытталғаны айқын.

Ол – Қазақстан халқының әлеуметтік деңгейін көтеру. Жобаның барлық баптары, мейлі экономика, бизнесті дамыту, білім беру саласы, құқық қорғау жайлы болсын, баршасы тек қана халқымыздың жайлы да бақуатты тұрмысын одан әрі жақсартуды мұрат етеді.

2019 жылдың қаңтарынан бастап ең төменгі жалақы 1,5 есеге өссе, бюджеттік мекемелердегі қызметкерлер жалақысы 35 пайызға өссе, осы мерзімге дейін өзінің тиімділігін байқатып үлгерген «Бизнестің жол картасы – 2020» бағдарламасы 2025 жылға дейін ұзарса, соның негізінде 22 000 жаңа жұмыс орындары ашылып жатса, шағын және орта бизнес үшін «салық амнистиясы» іске қосылса, ғұмыры босағадан ұзамаған ұстаздардың мәртебесі көтеріліп, ол туралы тасқа басылған заң күшіне енсе, осы уақытқа дейін жазалаушының міндетін атқарып келген ішкі істер қызметкерлерінің кәсіби деңгейлері көтеріліп, олар халыққа мәдениетті әрі иманды қызмет көрсетіп жатса, міне қарапайым жұртқа осыдан артық не керек. Халықтың баяғыдан бері сарыла тосқаны да осы еді ғой. Елімізде тұратын 18 миллион халықтың Елбасыға деген сенімінің артуы осылай көрініс тауып жатса, нұр үстіне нұр емес пе.

Әлібек Қаңтарбаев,

жазушы-публицист,

ҚР Жазушылар одағы

                                                                                                                                                         ШҚО филиалының директоры

Елбасы өз сөзінде өткен жылдарғы жүргізлген жұмыстар мен жетістіктерге тоқталып өтті.

Биылғы жылғы Жолдау бұрынғы жылғы қабылданған бағдармалмаларды жаңа мазмұн, жаңа бастамалармен  толықтырып, ары қарай жалғастырып кеткендей болды. Біздің ұзақ мерзімді мақсаттарымыз өзгеріссіз қала береді. Қажетті бағдарламалардың барлығы бар.

Үкімтетке берген тапсырмаларында Елбасы халықты әлеуметтік қорғау керектігін басып айтты. Бұл Жолдау жаңа әлемге, яғни  жетістікке жету жолын табу үшін не істеу қажеттігін айқындайды.

Қазақстандықтардың жайлы өмір сүруіне елімізде барлық жағдай жасалған.

Әлима Эсенова, 

Риддер қаласының Қоғамдық

келісім кеңесі төрайымы

Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаев кезекті жолдауын еліміздің әлеуметтік-экономикалық дамуының өзекті мәселелеріне және қазақстандықтардың әл-ауқатын одан әрі арттыру міндеттеріне арнады. Оның ішінде Елбасымыз мұғалім мәртебесі туралы Заң қабылдауды тапсырған болатын. Еліміздің болашағы жас ұрпақтарға тікелей қатысты болғандықтан, ұрпақтарымызға білім беруші ұстаздарымыздың мәртебесін арттыру еліміз үшін маңызды фактор деп есептеймін. Сонымен қатар Назарбаев Зияткерлік мектебінің стандартын орта мектептер үшін қолдану туралы бастамасын оң шешім деп санаймын.

Едіге Жумаханов,

«Атамұра» шығармашылық

ұжымының мүшесі

 

Қазақстан Республикасы Президенті Н.Ә. Назарбаевтың халыққа Жолдауы барысында Мәдениет және спорт министірлігіне тапсырылған «Өз жеріңді танып біл» жаңа бастамасы аясында еліміздің өңірлері бойынша жаппай мектеп туризмін қайта жаңғырту керек деген бастамасын ел азаматшасы ретінде қолдаймын.

Мария Бейсеканова,

ШҚО ҚХА Аналар кеңесінің төрайымы 

Президент Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың кезекті халыққа Жолдауы бізге, елімізге тың серпіліс әкелетінін нық сеніммен айта аламын. Бұл жолғы жолдау басқаларынан ерекшеленіп тұрды – әр салада жауапты өкілдердің болуы және де Елбасының сол жауаптылардан сұрақ-жауап ретінде шегелеп тапсырма беруінде.

Кезекті Жолдаудан маған ұнағаны келер жылымызды Жастар жылы деп белгіленуі. Бұл тақырыптың ұсынылуы жастарды барлық салада қолдап, мүмкіндік берумен қатар үлкен сенім артып, болашақтан тың серпіліс күту. Осындай тамаша  мүмкіндіктерді дұрыс пайдаланып, еліміздің болашағын жарқын етуге біз əрқашан дайынбыз!

Марлен Әбубәкір,

С.Аманжолов атындағы ШҚМУ-дың

 2 курс студенті,

жастар ісі жөніндегі комитет төрағасы

Кейін қарай