Қазақстан халқы Ассамблеясы

2988

Шығысқазақстандықтар: Педагогтар қауымы жігерге толы Жолдауды ерекше ықыласпен қарсы алды

Ағымдағы жылдың 5 қазанында Қазақстан Республикасы Президенті Н.Ә. Назарбаев Жолдауда елдің әлеуметтік-экономикалық дамуы мен азаматтардың әл-ауқатын одан әрі арттыру туралы мәселелерді кеңінен көтерді.

Әл-ауқат демекші, Президент ең төменгі жалақы мөлшерін көбейту мен тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық саласын ретке келтіруді тапсырды. Бұдан бөлек, шағын және орта бизнесті дамыту, қорғау және отандық тауарлардың экспортын ілгерілетуге көңіл бөлу керек екенін атап өтті.

Ерекше назарға алынған мәселе, ол әрине, әлеуметтік мәселелер. Мұғалімнің қоғамдағы мәртебесі мен көрсетілетін медициналық көмектің сапасын арттыру бойынша нақты міндеттер жүктелді.

Сөз соңында мемлекет басшысы 2019 жылды Жастар жылы деп жариялауды ұсынды. Бұл ұсыныс жастар арасында серпіліс туғызып, жаңа идеялар мен жаңа бастамалардың бастауы болары анық. Біз әрқашанда Елбасының бастамаларын қолдаймыз, Елбасымен біргеміз.

Гулжанат Бақтығалиқызы,

С.Аманжолов атындағы

ШҚМУ оқытушысы

Елбасының Қазақстан халқына Жолдауын үлкен ықыласпен қабылдағанымды жеткізгім келеді. Елбасының «2019 жылды Жастар жылы» деп жариялауды ұсынғаны жастарға үлкен қуаныш сыйлағанына сенімім мол.
Елдің келешегі, тәуелсіздік тұтқасын ұстар, еліміздің болашағы - жастар екені даусыз. Сондықтан да Елбасы қашан да жастардың мәселесіне ерекше назар аударып, әрбір Жолдауында жастарға үлкен ықылас танытады. 

Біз, жастар, еліміздің азаматы мен азаматшалары ретінде Елбасының әрбір айтқан тапсырмасын толықтай жүзеге асыруға өзіміздің бар күш-жігерімізді, білімімізді, біліктілігімізді сала отырып, Елбасының көздеген мақсаттарына жетуге өз үлесімізді қосатынымызды айтқым келеді.

        Тамаша Ақшоқы,

ШҚО Достық

үйінің әдіскері

Ағымдағы жылдың 5-қазаны күні Қазақстан Республикасының Президенті Н. Назарбаев халыққа кезекті Жолдауын жариялады. Жолдаудың негізі – халықтың әлеуметтік-экономикалық әл-ауқатын жақсарту. Яғни, осы тұрғыда Елбасымыз бірнеше мәселелерді талқыға салды. Соның ішінде, атап айтарым, болашақта «Ұстаз мәртебесі» туралы заңның қабылдануы. Демек, ұстаздардың халық арасындағы беделінің көтерілуі, үкімет тарапынан көптеген жеңілдіктердің жасалуы, жалақының артуы да қолға алынатындығы мәлім. Жас маман ретінде Президенттің бұл жолдауы өте тиімді, әрі алға жылжитын бірден-бір бастама болатынына сенемін.

Елдің жарқын болашағы жас ұрпақты тәрбиелейтін ұстаздар қауымы да осы істі қолдайды деген ойдамын!

Балжан Низамиева,

ШҚО Достық

үйінің әдіскері

Кейін қарай