Қазақстан халқы Ассамблеясы

4097

Әскер Пириев: Шетелден келетін тауарлардың сапасын қадағалайтын Комитеттің құрылуы – өзекті мәселе

Елбасының астын сызып айтқан мәселенің бірі – шетелден келген ойыншықтар мен азық-түлік.

Расында ата-ана ретінде, көп балалы жанұяның отағасы ретінде мен мынаны айтар едім, мысалы, біз сауда орталығынан немесе базардан алған ойыншықтардың сапасына күмәнмен қараймыз.

Осы мәселені қадағалау үшін комитеттің құрылуын бұрыннан жасау керек еді, дегенмен шешімін тауып отыр. Аталмыш комитет құрылып, елімізге кіретін шетелдік өнімнің сапасын тексерсе, біздің келешек ұрпағымыздың денсаулығы бұзылмас еді.

Елбасының халыққа Жолдауының басты ерекшелігі – 2019 жылды «Жастар жылы» деп атауы. Яғни, бүкіл әлемдік тәжірибені қарайтын болсақ, өркениетті елдердің іргетасын қалауға байланысты әрдайым келешекке инвестиция жасау – жастарға жасалған инвестиция.

Бір мемлекеттің келешегін ойлау үшін екі нәрсе өте маңызды: біріншісі – жастарға жасалған инвестиция, екіншісі – халықтың әл-ауқаты және жағдайын түзету.

Жалпы шолу жасайтын болсақ, бірінші жолдау 1997 жылы 16 қазанда жарияланды. Дәстүрлі түрде жыл сайын біз Жолдаудағы тапсырмаларды сәтті орындауда күш жұмылдырып келеміз.

Әлемнің қай жеріне қарайтын болсақ, соның ішінде Еуропада логистика мәселесі өте маңызды. Бұның ішінде автожолдар. Біздің шағын және орта бизнес, ішкі және сыртқы туризмді әрі қарай дамытқымыз келсе, ол қалааралық, облысаралық және республикалық деңгейдегі автокөлік жолдарын жақсартуды қолға алу керек. Осыған байланысты екі мысал айта кетейін: Астана-Щучинск автокөлік жолы ақылы болса да, өте арзан және өте сапалы, екіншісі, сәтті жүзеге асқан Батыс Еуропа мен Батыс Қытайдың арасында салынған Жібек жолы. Бұл – Қазақстанның сапалы жол жасай білетінін дәлелдейді.

Халықтың көкейінде жүрген мәселе – тұрғын үй мәселесі. Жастарға, жас жанұяларға арналған пәтерлер керек. Оған қол жеткізу мүмкін бе? Әрине мүмкін. Ақша бар екені айтылды, бюджетте қаржы қаралған. Осыны жүзеге асырудың дұрыс жолдарын қарау керек. Өйткені баспана болса, адам жұмысын да атқарады, білімін де алады, оқуын да оқиды. Сол үшін баспана мәселесін жіті қадағалауға алып, оның шешімін табуға тырысу керек. Жолдауда орын табуы да кездейсоқ емес.

Елбасының астын сызып айтқан мәселенің бірі – шетелден келген ойыншықтар мен азық-түлік. Расында ата-ана ретінде, көп балалы жанұяның отағасы ретінде мен мынаны айтар едім, мысалы, біз сауда орталығынан немесе базардан алған ойыншықтардың сапасына күмәнмен қараймыз.

Осы мәселені қадағалау үшін комитеттің құрылуын бұрыннан жасау керек еді, дегенмен шешімін тауып отыр. Аталмыш комитет құрылып, елімізге кіретін шетелдік өнімнің сапасын тексерсе, біздің келешек ұрпағымыздың денсаулығы бұзылмас еді.

Бизнеске қатысты айтатын бір жайт, шағын және орта бизнес, әлемдік тәжірибеде көрсетіп отырғандай, экономиканың үлкен бір бөлігін құрайды. Бүгінде экономикасы өте дамыған мемлекеттердің бюджет кірісінің үлкен бір бөлігін солардың тиесінде.

Елімізде оларды қолдап, заңсыз тексерулерге әкелтпей, мүмкіндік беру керек. Бұл жайлы мен Елбасының айтқанын толықтай қолдаймын.

Ең төменгі жалақыны көтеру де ел мерейін үстем етері анық. Бюджеттік салада жұмыс істейтін қызметкерлердің жалақысы көтерілсе, олардың жұмысқа жауапкершілігі артары анық. Қайта талап пен жұмыс сапасы күшейеді. Қызметкерлердің үкіметке сенімі артатыны айтпаса да түсінікті.

Біз өз тарапымыздан осы бастамалардың орындалуына күш жұмылдырып, атсалысамыз.  

 

Әскер Пириев,

«Ахыска түрік этномәдени

орталығының» төрағасы, Астана

Кейін қарай