Қазақстан халқы Ассамблеясы

541

Княгинин Александр Александрович

Өмір жылдары: (1937 – 2007 жж.)

    150-ден астам ғылыми өнертабыстың көрнекті конструкторы, авторы және тең авторы, оның ішінде 29-ның әлемдік тәжірибеде баламасы жоқ. Тәжірибе жасаушы, мал шаруашылығының жаңашылы – қой шаруашылығында озық технологияларды ойлап тауып, енгізді.

    Александр Александрович үлкен және тату отбасында өсті. Майдангер әкесі Қостанай түбіндегі орман тәлімбағында директор болған. Ол ерте, 43 жасында қайтыс болды, артында әйелі алты баламен қалады.

    Оның анасы ерекше қабілеті мен ерік-жігері бар әйел еді, ол барлық балаларын жеткізіп, көп жылдар бойы тыңда кеңшар директоры болып жұмыс істеді.

    Александр отбасындағы тұңғыш бала еді, бала кезінен қызығушылығымен, ұшқалатығымен, тынымсыздығымен ерекшеленді.

    Мектептен кейін Қостанай ауыл шаруашылық техникумына, кейін жергілікті институттың механика факультетіне оқуға түсті. Оған оқу оңай болды, көркемөнерпаздар үйірмесімен, қоғамдық жұмыстармен және спортпен шұғылданды.

     

    Институтты бітіргеннен кейін жолдамамен Торғай кеңшарына бас инженер болып барады. Барлық Қазақстан бойынша алғашқы қырқу цехын салды.

    Александр Александровичтің айтуынша, оған ірі кеңшар тапсырылады: «Бір қойдың өзі 85 мың бас, мыңдаған жылқы мен сиыр, қанша егістік бар десеңші... Қойлардың қысқы жүндерін тастап түлейтін әдеті бар және ол жылдам – жиырма күнде болатын құбылыс. Егер уақытында қырқып алмасаңыз, одан кейін сізге жүн жоқ. Шығын өте үлкен, ең бастысы – оған ешкім басын ауыртпайтынын байқаймын. Сөйтіп мен үлкен шығынға батыратын бұл істі түзетуді ұйғардым. Ставропольге ұшып барып, Қой өсіру институтына жолықтым, Бүкілресейлік ауыл шаруашылығын электрлендіру және механикаландыру ғылыми-зерттеу институтында болдым. Олар маған жанашырлық танытты, бірақ нақты қалай көмектесетіндерін білмеді. Осылайша өзім ойлана бастадым және бірден жүз қырықтыққа қырқу цехын салуды ұйғардым».

    Княгининнің инновациялық қызметіндегі жаңа кезең тың ауыл шаруашылығын механикаландыру және электрлендіру ғылыми-зерттеу институтының жұмысымен байланысты.

    Екі жыл ішінде ол жетекші құрылымдаушыға дейін көтерілді. Оның зертханасында ең батыл идеялар іске асырылды. Оның басшылығымен ұжым еңбек өнімділігін 10-15 есе арттыруға қабілетті өндірістік үдерістер технологиясын және өнеркәсіптік қой кешендеріне арналған машиналар жүйесін жасады.

    Бастапқыда бәрі жақсы көрінеді, бірақ үш жылдан кейін Княгининді қыңырлығы үшін институттан шығарды. Ол өз әзірлемелерінің материалдарын зертхана меңгерушісіне беруден бас тартқан болатын. Ұжымы оны қолдады.

    Онымен бірге жиырма шақты ең қабілетті, талантты ғалымдар мен құрылымдаушылар да институт қабырғасынан кетеді. Коммунист Княгининнің адал есімін Қазақстан Компартиясы Орталық Комитеті жанындағы Партиялық бақылау комиссиясы қалпына келтірді.

    Оның еңбек қызметіндегі ең үлкен кезең – Қазақ КСР Мемлекеттік Агроөнеркәсіптің «Қой кешені» эксперименттік өндірістік бірлестігінің бас директоры болып жұмыс істеген кезеңі. 70-жылдардың аяғы мен 80-жылдардың басында оның зауыты пайда табу үшін жұмыс істеді. Жұмысшылардың да, басшылықтың да жалақысы пайдадан төленді.

    Княгинин уақыттан ілгері жүретін, сонысымен ыңғайсыздық тудыратын. Ол совхоздың бастамашыл төрағасы И. Худенко сияқты, партиялық бонзаның пікірінше, ауыл еңбегін механикаландырып, жайылымдарды ретке келтіріп, электрондық есепке алу жүйесін құрып, мал шаруашылығындағы сапа көрсеткіштерін жақсартып, жұмыссыздықты көбейтті.

    Оның өмірінде сәттілік те, сәтсіздік те болды, тіпті... жалған айып тағылып, қатаң режимдегі колония да болды. Алайда ол әділетсіз сот белгілеген мерзімнің соңына дейін отырмады, қылмыс құрамы болмағандықтан босатылды. Осы жат оқиғадан кейін Тұңғыш Президент Н.Ә. Назарбаев оған ауыл шаруашылығы министрі, содан кейін облыс әкімі лауазымын ұсынды.

    Бірақ оның қалауы басқа еді – өз әзірлемелерін ауыл үшін тәжірибелік техниканы өндіру бойынша қой кешені – зауытқа енгізу. Ол оған қымбат еді. Мұнда ол іс жүзінде өзінің ғылыми және дизайнерлік идеяларын пысықтап, өзі жасаған балдырлардың ерекше штаммын сынап көрді, оның препараттары радиация мен экологиялық апаттардан зардап шеккендерді емдейді.

    Княгининнің зор беделін Семей тұрғындарының Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесінің депутаттығына кандидатурасын кең қолдауы дәлелдейді. Ол Отанын, Қазақстанның далаларын сүйді және оған өз өмірін арнады. Өз сөздерінде ол азаматтық ұстанымын әрқашан білдіруден жалықпайтын: «Тәуелсіздік алу – қазақ халқының сан ғасырлық арманы, сондықтан біз, өзге ұлттар, бұл арманға киелі деп қарауымыз керек». Тәуелсіздік таңында Александр Александрович ҚР Тұңғыш Президенті Н.Ә. Назарбаевтың кеңесшісі болды.

    Замандастары еске алғанда Александр Александрович Княгинин әдептіліктің, қарапайымдылық пен демократияшылдықтың үлгісі дейді, ұлтты құру жолында алғашқы қадамдарын жасаған елдің қоғамдық-саяси үдерістерінде маңызды рөл атқарған белсенді болған. Содан кейін оның республиканың бөлінбейтіндігі мен аумақтық тұтастығына, Қазақстанның мүдделерін қорғауға, әлеуметтік тұрақтылықты сақтауға қатысты жария және шынайы қазақшыл ұстанымы елдің жаңа мәртебеге бейбіт көшу үдерісінде маңызды рөл атқарды.

    Тәуелсіз Қазақстанның бірінші Жоғарғы Кеңесінің депутаты бола отырып, ол қазақ тілінің мәртебесін қалпына келтіруді ұдайы табандылықпен жақтады. Оның айтуынша, «Қазақ тілінің өмір сүру ауқымы – тек осында, Қазақстанда, әйтпесе ол жойылады»!

    1. Лушин Ю. Неудобный // Огонек. – 1989. - № 15. http://www.b-m.narod.ru/9_75/10.htm.

    2. Национальная энциклопедия «Казахстан». Т.4. / Гл. ред. Б. Аяган. - Алматы: Главная редакция «Қазақ энциклопедиясы», 2007. - с. 418.

    3. Костанай и костанайцы.http://kostanay1879.ru/index.php?option

Кейін қарай