
387
Славский Ефим Павлович
Өмір жылдары: (1898-1991 жж.)
КСРО Орта машина жасау министрі. Инженер-металлург. Металлургия және машина жасау жүйесіндегі өндірісті ұйымдастырушы, Өскемен қаласының қазіргі заманғы құрылысының бастамашысы және рухтандырушысы. Азамат соғысының қатысушысы.
Ефим Павлович Славский 1898 жылы 26 қазанда Макеевка (Донбасс, Украина) ауылында шаруа отбасында дүниеге келген. Ол ерте жастан бастап жұмыс істей бастады – жалшы болып жалданды, жазғы жайылымдарда мал бақты, шіркеу-приход мектебінің тек үш сыныбын бітіре алды.
13 жасында ол Макеев металлургия зауытына, құю цехына барды. Содан кейін кеніште темір ұстасы болып жұмыс істеді, бір жылдан кейін зауытқа оралды, дәл сол кезде Бірінші дүниежүзілік соғыс басталды, жұмыс күштері жетіспей, цехтағы жастарды да алып кетті. Ефим Славский үлкен физикалық күшімен ерекшеленді, оған артиллериялық снарядтардың корпусын өңдеу тапсырылды. 1918-1923 жылдары Ефим Славский Азамат соғысы майдандарында шайқасқа қатысты. Е.П. Славский 1928 жылға дейін әскерде тағы бес жыл қызмет етті. Кейін ол қойма меңгерушісі болып жұмыс істеді, сонымен қатар орта білімін алды, ал 1933 жылы қорғасын өндіру технологиясы туралы тезисті қорғап, түсті металдар мен алтын институтын бітірді.
Жас маман Ефим Славскийдің еңбек жолы қатардағы инженерден басталып директорға дейін барды, ол Орджоникидзе қаласындағы «Электромырыш» зауытында жүріп, жоғары оқу орнын бітіргеннен кейін жұмыс істей бастайды. 1940 жылы Е.П. Славский Запорожьедегі Днепр алюминий зауытын басқарды. 1941 жылға қарай бұл кәсіпорын отандық алюминийдің үштен екісін беретін кәсіпорынға айналды.
1941 жылдың аяғында Орал алюминий зауытының құрылысын, содан кейін жұмысын басқарды, соғыс жылдарында елдегі алюминий өндіретін жалғыз кәсіпорын болды. Е.П. Славскийдің басшылығымен зауытта алюминий шығару 20 мың тоннадан 75 мың тоннаға дейін өсті. 1946 жылы 9 сәуірде Е.П. Славский КСРО Министрлер кеңесі жанындағы Бірінші басқарма бастығының орынбасары болып тағайындалды және осы кезеңнен бастап Ефим Павловичтің барлық қызметі атом өнеркәсібін құрумен байланыстырылды.
Ол уран, алтын өндіру, минералды тыңайтқыштар өндіру, медицинада, ауыл шаруашылығында және халық шаруашылығының басқа да салаларында изотоптарды қолдану бойынша бірегей технологияларды әзірлеуге және енгізуге үлкен үлес қосты.
КСРО Орта машина жасау министрі қызметін Е.П. Славский 1957 жылдан 1986 жылға дейін - 29 жыл атқарды.
1962-1988 жылдары Е.П. Славский Шығыс Қазақстан облысынан КСРО Жоғарғы Кеңесінің депутаты болып сайланды. Осы жылдар ішінде ол депутат ретінде Өскемен қаласының дамуына баға жетпес үлес қосты. Өскеменнің маңызды стратегиялық нысандарын салуда, атап айтқанда Үлбі металлургия зауытын дамытуда үлкен рөл атқарды. 14 желтоқсан 1970 жылы Қалалық еңбекшілер депутаттары кеңесінің Атқарушы комитеті «Қаланың халық шаруашылығын дамытудағы зор еңбегін ескере отырып, Славский Ефим Павловичке диплом мен грамота тапсырды, Өскемен қаласының Құрметті азаматы атағын беру» туралы шешім қабылдады.
1. Славский Ефим Павлович // Военная энциклопедия / П. С. Грачёв. - Москва: Военное издательство, 2003. -Т.7. - С.505.
2. Творцы атомного века. Славский Е.П. – М.: Слово-дело, 2013. – 438 с.
3. Славский Е.П. http://www.biblioatom.ru/founders/slavskiy
_efim_pavlovich/
4. Герой / http://www.warheroes.ru/hero/hero.asp?Hero_id=10507
Өскемен қаласының Құрметті азаматтары кітабына енгізілген. Өскеменнің басты көрікті жеріндегі жағалау Е.П. Славскийдің есімімен аталады. 2011 жылы мұнда бюст-ескерткіш орнатылды. Славский туралы фильмдер түсірілді. Солардың бірі – «Прощание с саблей».
Ұқсас жаңалықтар
21 Мамыр, 17:49
ШЫМКЕНТ ҚАЛАСЫНЫҢ ДОСТЫҚ ҮЙІНДЕ ҚАЗАҚСТАН ХАЛҚЫ АССАМБЛЕЯСЫ ЖУРНАЛИСТЕРІНІҢ ӨҢІРЛІК КЛУБЫНЫҢ ОТЫРЫСЫ ӨТТІ
21 Мамыр, 18:22
КОСШЫ ҚАЛАСЫНДА «ОТБАСЫ – МЕЙІРІМ МЕКЕНІ» АТТЫ ОБЛЫСТЫҚ ФОРУМ ӨТТІ
21 Мамыр, 10:05
Ә.Қайырбек Гималай шыңында күй орындап, ҚХА 30 жылдығымен құттықтады
вчера, 06:21
Париж қ. ЮНЕСКО-ның штаб-пәтерінде ҚХА қоғамдық келісім мен этносаралық бірлікті нығайту бағытындағы қызметінің тұңғыш рет таныстырылымы өтті