Қазақстан халқы Ассамблеясы Алматы қаласы

Ғылыми-сарапшылық қызмет

Алматы қаласының Ғылыми Сараптама Тобы (ҒЭТ) Алматы қаласының Қазақстан халқы Ассамблеясының біріңғай жұмыс істейтін кеңестік-аналитикалық мүшесі болып табылады. 2012 жылдың наурызында ҚР БҒМ Ғылым Комитетінің Философия, саясаттану және дінтану Институтының қарамағында ашылды. ҒСТ 22 мүшесі –қазақстандық қоғамдағы этносаралық қарым-қатынастарын зерттейтін , Алматы қаласының ҒЗИ мен мемлекеттік ЖОО үздік саясаткерлері, әлеуметтанушылары, философтары мен Алматы қаласының Этномәдени бірлестіктерінің (ЭМБ) жетекшілері. Алматы қаласының ҚХА ҒСТ төрағасы – ҚР БҒМ Ғылым Комитетінің Философия, саясаттану және дінтану Институты бөлімінің меңгерушісі, философия ғылымдарының докторы Шайкемелев Мухтарбек Сейд-Алиевич.

Ғылыми сараптама тобының негізгі мақсаттары:

  • Алматы қаласында дамып келе жатқан этносаяси, әлеуметтік-экономикалық және конфессия аралық тенденцияларды кешенді бағалау, аталған процесстердің қалада, мемлекетте және әлемде дамуын қадағалау;
  • Алматы қаласының ҚХА этносаяси бағытында ғылыми-сараптама көмегін көрсету;
  • Этносаралық және конфессиялық қарым-қатынастарында ғылыми-зерттеу жұмыстарын бақылау;
  • Қазақстан халқы Ассамблеясын саяси және азаматтық институттырының рөлін арттыру мен қазақстандық қоғамның бірлігін жасау мен этносаралық және конфессияаралық келісім моделін жетілдіру, жалпыға бірдей  ұлттық бірлікті жеткізу.

ҒСТ құрылымында ғылыми-эксперттік, сарапшы және бақылау секторлары жасалған, олардың міндетінде нақты бағыттық жұмыстар тапсырылған. ҒСТ отырысы квартал сайын өтіп, кезекті және шұғыл мәселелер  бойынша да топтың мүшелері жиналып тұрады.

ҒСТ жұмысы көптеген бағыттарда атқарылады. Алматы қаласының ҚХА ҒСТ бастамасымен ҚР Ұлттық кітапханасында біріңғай жұмыс істейтін Қазақстан халқы Ассамблеясының Депозитариясы құрылды,сол жерде ҚХА мүшелерінің кітаптарының презентациялары, шығармашылық кештер,дөңгелек үстелдер мен конфиренциялар өтіп тұрады.

Алматы қаласының ҚХА ҒСТ қалалық ғылыми-практикалық конференциялары жыл сайын өткізіп тұру әдетке айналдырды. Аталған конференциялар қорытындылары бойынша жинақтар шығарылып, Республиканың және Алматы қаласының ЭМБ таратылады.

Алматы қаласының Қазақстан халқы Ассамблеясының жұмысы біріншіден, Алматы қаласының этносаралық қарым-қатынасының жағдайын зерттеу мен ғылыми-практикалық нұсқаулықтарды жасауға және еліміздің ең үлкен шаһарындағы қалыптылықты нығайтуға бағытталған. Сарапшы аналитикалық жұмысқа үлкен үлесін ҒСТ мүшелері: ҚР БҒМ Ғылым Комитетінің Философия, саясаттану және дінтану Институтының қызметкерлері:  ҒСТ төрағасы Шайкемелев М.С.А., бас ғылыми қызметкер,профессорлар Қадыржанов Р.К., Курганская В.Д. және басқалары.

Алматы қаласының ҚХА Секретариятының жетекшісі М.А. Абдалиева, тарих ғылымдарының докторы, профессор Кан Г.В. мен Мукатова Д.М.,  саясаттану ғылымдарының докторлары, профессорлер, Л.Ю. Зайниева, Г.О. Насимова, ҒСТ төрағасының орынбасары, ҚР Жазушылар одағының мүшесі, доцент Ананьева С.В. және қалалық ЭМБ төрағалары – академик Оздоев С.М., профессор Касимов К.Т., доценттер Аннакулиева Г.А. мен Бабалиев С.У.,отставкадағы полковник Мамсуров К.В., ҚР БҒМ ардагері Увайсова М.З. және жас ғалымдар -  ҒСТ басқа мүшелері, белсенді қоғамдық жұмыс атқарып, қоғамдық келісімді нығайтуда жеке үлесін қосуда.Олармен халықаралық презинтацияларда,республикалық форумдарда,халықпен кездесуларде қазақстандық этносаралық келісім моделінің негізгі бағыттарын түсіндіру мен презинтациялар өткізуде.

Топтың бастамасы мен Алматы қаласының ҚХА Секретириятымен бірге жұмыскер және студенттік жастармен, мектептерде, лицейлерде, колледждерде, әскери училищелерде, әскерге шақыру пунктерінде кездесулер өтеді. ҒСТ БАҚ жәнетелеарналармен тығыз қарым-қатынаста, ҚХА «Қазақстан-2050» Стратегиясы мен ҚХА 2020 жылға дейінгі Концепциясы айналасында, атқарылған іс-шаралар бойынша және т.б мақалалар жария етіп, сұқпат беруде.

Жақын аралықта Алматы қаласының ҚХА ҒСТ өзіне келесідей жұмыс бағытын маңызды қылып көреді:

  • Қоғамдағы ойларды бақылау мен әлеуметтік зерттеулердің көмегі арқылы, Алматы қаласындағы этносаралық қатынастарындағы мәселелері бойынша мониторинг жасайды. Өздерінің зерттеулерін жарыққа шығарып, презинтацияларын өткізеді.
  • Конференцияларда, кездесулерде, презинтацияларда Қазақстан Республикасының Президентінің «Нұрлы болашақ жолында» жолдауының ҚХА жұмысының барысында,  қойылған тапсырмалар мен негізгі бағыттарын түсіндіру жұмыстары;
  • ҒСТ Алматы қаласының ҚХА мен бірге Елбасының бастауымен, тарихи ғылымды дамыту арқылы қазақстандықтардың жаңа тарихи санасын қалыптастыру жұсындағы «Халық тарих толқынында» Бағдарламасын өткізу барысына белсене қатысуда.Осы жұмыстың тапсырмалары бойынша «Алматы қаласының этностарының тарихы» атты жобасын дайындау мен жүзеге асыру;
  • ҒСТ Алматы қаласындағы ЭМБ мен бірге қалалық диаспоралардың даму қалпы мен мәселелерін анықтау мақсатында үздіксіз істейтін ішкі мониторинг ұйымдастырады; және әртүрдегі радикализм мен әсіресе діни және экстремисттік формаларын анықтау. Бірлесіп жасалған әдістемелік өнімнің негізінде және талқылауларда бірлесе отырып этностық және этностар арасындағы шиеленісті жағдайларды анықтау мен оларды болдырмау жұмыстарын өздірінің диаспораларында жүргізу жұмыстарына көмек септігін беру.
  • Этносаралық келісім құндылықтарын насихаттау үшін, халықтағы әртүрлі қоғамдық топтармен, диаспора өкілдерімен, ҰОС мен еңбек ардагерлерімен, танымал қайраткерле рмен аса көрнекті тұлғалармен, ҚР мен Алматы қаласының этникалық топтарын көрсететін мүшелермен кездесулер өткізеді.


   Алматы қ. Ассамблеясы жанындағы Ғылыми-сараптамалық тобы