Қазақстан халқы Ассамблеясы Павлодар облысы

Ассамблея туралы

Павлодар облысы Қазақстан халқы ассамблеясының

қызметі туралы

Павлодар облысында Қазақстан халқы ассамблеясының Төрағасы облыс әкімі болып табылады. Облыстық ассамблеяның жұмыс органы облыс әкімі аппараты құрылымына енетін ассамблея хатшылығы болып табылады. Облыстық ассамблея хатшылығының басшысы мәртебесі бойынша облыстық ассамблея төрағасының орынбасары болып табылады. Этномәдени бірлестіктердің ішінен бір кандидатура жыл сайын сессияда облыстық ассамблея төрағасының қоғамдық бастамалардағы орынбасары болып тағайындалады. 

Павлодар облысы Қазақстан халқы ассамблеясы хатшылығының және этномәдени бірлестіктердің жұмысы «Қазақстан халқы Ассамблеясы туралы» Қазақстан Республикасының Заңын, Қазақстанның ұлттық бірлігі Доктринасын, Қазақстан халқы Ассамблеясының орта мерзімді кезеңге арналған Стратегияларын, ҚР Президентінің Қазақстан халқына арналған Жолдауларын: «Қазақстан – 2050» стратегиясы: қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты», «Президенттің бес әлеуметтік бастамалары», «Рухани жаңғыру» бағдарламасын жүзеге асыру бойынша іс-шаралар кеңесін іске асыруға бағытталған.

 Облыстық Қазақстан халқы ассамблеясы қызметінің басты міндеті өңірде тұрақтылықты, этносаралық және конфессияаралық келісімді, халық бірлігін қалыптастыруды, қазақстандық патриотизмді тәрбиелеуді қамтамасыз ету болып табылады. Осы мәселелерді шешуде, мәдени, ақпараттық, білім-тәрбие, сондай-ақ өңірде этносаралық келісімді қамтамасыз етудің халықаралық аспектілерін  қамти отырып, облыстық ҚХА хатшылығы облыстық ішкі саясат, тілдерді дамыту, мәдениет және білім, дін істері бойынша және жастар саясаты басқармаларымен тығыз байланыста жұмыс жасайды. Облыстық ҚХА хатшылығы этномәдени бірлестіктердің бастамаларымен және қатысуларымен толеранттылық пен этносаралық келісім идеяларын насихаттауға бағытталған дөңгелек үстелдер, кездесулер, пікірталастар өткізеді, оларда барлық қазақстан халқының таңдаулы салт-дәстүрі мен толеранттылығы үлгісінде ұрпақ жалғастырушылық, жастарды тәрбиелеу мәселелері талқыланады.

Өңірдегі алғашқы этномәдени бірлестіктер 80-ші жылдардың соңында, 1991 жылға таман үш бірлестік жұмыс істеді:  «Возрождение» мәдени-ағартушылық немістер қоғамы, татар-башқұрт қоғамдық-мәдени орталығы және Т.Шевченко атындағы украин мәдениетінің серіктестігі. 1995 жылы, Қазақстан халқы Ассамблеясының және Кіші (өңірлік) ассамблеяның құрылу кезіне облыста тиісті заңды рәсімнен өткен, сегіз ұлттық-мәдени орталық жұмыс істеді.

Павлодар облысы Қазақстан халқы ассамблеясының

телефон анықтамалығы

 

каб.

Аты-жөні

Қызметі

Жұмыс телефоны

Ұялы

телефон

e-mail

 

Бақауов Болат Жұмабекұлы

Павлодар облысы Қазақстан халқы ассамблеясының төрағасы

321737

 

sank-pavlodar2012@mail.ru

104

Жетпісбаев Сейсембай Қалижанұлы

Павлодар облысы Қазақстан халқы ассамблеясы төрағасының орынбасары, хатшылық меңгерушісі

321737

87013123211

sank-pavlodar2012@mail.ru

104

Байбатина Бекен Ыбинқызы

Іс қағаздарын жүргізу бойынша инспектор

321737

87088053658

sank-pavlodar2012@mail.ru

108

Қазбекова Анар Жұмабекқызы

Бас маман

321990

87714259866

kazbekova.anar@pavlodar.gov.kz

108

Акказина Шолпан Нұртөлеуқызы

Инспектор

321990

87051451079

sank-pavlodar2012@mail.ru

108

Смагулова Назигүл Хамитқызы

Инспектор

321990

87713702546

sank-pavlodar2012@mail.ru

Мекенжайы: 140000, Павлодар қ., 1 Май к-сі, 35/1

Тел./факс: 8(7182)32-17-37

E-mail: sank-pavlodar2012@mail.ru    

веб-сайт www.ankpvl.kz