Қазақстан халқы Ассамблеясы Павлодар облысы

Достық үйі

2008 жылғы 30 қыркүйек күні Павлодарда облыстық «Достық үйі» мәдени-сауық орталығы есігін айқара ашқан болатын. Ол қаланың сәулеттік келбетін көріктендірумен бірге жұрт тамашалап, сүйсінетін ғимаратқа айналды. Оның ашылу салтанатына Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаев қатысты. Достық үйңн салу жөніндегі идея иесі – Павлодар облысы Қазақстан халқы ассамблеясы.

5800 шаршы метр ауданы бар төрт қабатты ғимаратта Павлодар облысы Қазақстан халқы ассамблеясының хатшылығы, 24 облыстық этномәдени бірлестіктің, облыс ҚХА жастар бірлестігінің үйлестіру кеңесінің кеңселері, Қанат Болатұлы Даржұман атындағы Ұлттық жаңғыру мектебі, сондай-ақ Достық үйінің әкімшілігі орналасқан.

Достық үйінде конференц-зал мен акт залы, дайындық жасау және хореографиялық залдар, мультимедиялық, компьютерлік және оқу сыныптары, медиа қамту бөлімі, ұлттық әдебиет кітапханасы мен мұражайы бар.

2010 жылғы 10 желтоқсан күні Торайғыров көшесі 48 үйде орналасқан, Достық үйінің 300 адамға арналған концерттік залының салтанатты ашылуы болды. Зал заманауи дыбыс және жарық аппаратураларымен жабдықталған.

Мәдени-сауық орталығында этномәдени бірлестіктер негізінде 27 вокалдық-хор және 17 би ұжымдарының жұмысына жағдайлар жасалған.

2012 жылдан бастап Достық үйінде www.pvldostyk.kz веб-сайты қызмет етеді, сайтта мекеменің қызметі туралы ақпараттар көрсетіледі. Сайт жұмысын мемлекеттік және орыс тілдерінде жүргізеді. Веб-сайттың қызықты да, мазмұнды бөлімі фото және бейнегалерея болып табылады.

2013 жылғы наурыз айынан бастап Достық үйінде медиа қамту бөлімі қызмет етуде, оның негізгі міндеттерінің бірі мекеменің қызметі жөнінде қоғамға жан-жақты ақпарат беру. Бөлім жұмысының нәтижесінде біздер Достық үйінің барлық шараларын бұқаралық ақпарат құралдарында тұрақты жариялауға қол жеткіздік.

Достық үйінің бес жылдығын мерекелеу қарсаңында жаңа «Достық шаңырағында» газеті жарық көрді. Оның беттерінде облыстың барлық 24 этномәдени бірлестіктің, Достық үйі шығармашылық ұжымдары мен бөлімдерінің жемісті еңбегі жарияланып келеді.

Достық үйінде этномәдени бірлестіктермен жұмыс жүргізу жөніндегі бөлім және халық шығармашылығы бөлімдері қызмет етеді. Бөлім мамандары қоғамдық маңызды шараларға белсенді қатысып, ұлтаралық және конфессияаралық келісімді нығайту бойынша тәжірибелік жұмыстар жүргізеді.

Этномәдени бірлестіктермен жұмыс жүргізу жөніндегі бөлімі алуан түрлі нысандағы және түрлі тақырыптық бағыттағы шараларды ұйымдастырып, өткізеді. Ол қалалық, облыстық, республикалық және халықаралық деңгейдегі шараларды ұйымдастыруда және оларды өткізуде әдістемелік, сценарийлік және режиссерлік көмек көрсетеді. Бөлім өзінің жұмысын ұйымдастыруда тек ірі шараларды (халық шығармашылығы фестивальдері, этномәдени бірлестіктердің мерейтойлары, халықтық дәстүрлі мейрамдар, тақырыптық кештер) ұйымдастырып қана қоймайды, сонымен бірге камералық формаларды (шығармашылық зертханалар, шығармашылық қонақ үйлер, тақырыптық танымдық бағдарламалар) қолданады.

Халық шығармашылығы бөлімінің негізгі міндеттері: ұжымдардың толыққанды жұмысы үшін қажетті жағдайларды құру жөніндегі жұмыстарды ұйымдастыру (шығармашылық ұжымдардың инфрақұрылымын дамытуды қамтамасыздандыру және материалдық-техникалық базасын нығайту); шығармашылық ұжымдардың жұмысын үйлестіру және оларға көркемдік деңгейін көтеруде әдістемелік көмек көрсету; шығармашылық ұжымдарға репертуарларын құруда және музыкалық материалын таңдауда көмек көрсету; концерттерді, шығармашылық кездесулерді, ұлттық мерекелерді ұйымдастыру болып табылады. Бөлім мамандары Достық үйінің шығармашылық ұжымдарына және клубтық бірлестіктеріне үнемі әдістемелік және тәжірибелік көмек көрсетеді.

Көптеген ұжымдар облыстан тыс деңгейде әйгілі болды. «Wir» және «Мирас» вокалды ансамбльдері (Н.В. Шабулдаева), «Иртышская линия» халықтық казак хоры (В.Н. Ковеня), «Эвришим» хореографиялық ұжымы (Ш.А. Бекова), «Надзея» вокалды тобы (Т.П. Пучек), «Воля» халықтық казак әндерінің ансамблі (М.С. Немцева), «Ялкын» хореографиялық ансамблі (Л.В. Мусселиус) республикалық және халықаралық фестивальдер мен байқаулардың лауреаттары атағына ие болды. Республикамыздағы жалғыз бандуристтер ансамблі құрылды.

2013 жылы екі ұжым – «Иртышская линия» халықтық казак хоры мен «Воля» халықтық казак әндерінің ансамблі «халықтық» атағын қорғады.

Қазақстан Республикасының мемлекеттік хатшысының тапсырмасы бойынша 2014 жылғы қаңтар айында ҚХА Ғылыми-сараптамалық кеңесінің кеңейтілген отырысында аналитикалық-әдістемелік жұмыс жөніндегі бөлім құрылды. Бөлімнің негізгі мақсаты: ЭМБ-ге әдістемелік көмек көрсету, ҚХА Ғылыми-сараптамалық кеңесі мүшелерімен тығыз байланыс орнату, Достық үйінің қызметіне үнемі мониторинг пен талдау жүргізу, әр түрлі жоспарлы шаралар өткізу.

Достық үйінде аймақ этностарының мәдени-тарихи мұрасын сақтау мақсатында мұражай қызмет етеді. Мұражай қоры Достық үйінде орналасқан этномәдени бірлестіктердің өкілдерімен әрдайым толықтыру үстінде. Мұнда ұлттық киімдердің, халық тұрмысының, халықтық-қолданбалы өнерінің атрибуттары, сирек кездесетін фотосуреттер мен жазбалар көрсетілген. Экспозициялар арқылы түрлі этностардың ерекшеліктерін терең түсіне алады, олардың тарихымен, салт-дәстүрлері мен әдет-ғұрыптарымен таныса алады. Сондай-ақ, мұнда Достық үйінің фото және бейнематериал картотекасы сақталынады. Мұражай жанында ұлттық кітаптар кітапханасы орналасқан. Кітапхана қорында аймақ этностарының тіліндегі кітаптар, газет-журналдар бар. Кітапхана жұмысының негізгі мақсаты мәдени және тілдік алуандықты ақпараттық қолдау, көпұлтты аймақ жағдайындағы этникалық сана-сезім мен этносаралық толеранттылықты қалыптастыру болып табылады. Мұражай мен кітапханада әрдайым тақырыптық көрмелер, экскурсиялар жүргізіледі. Достық үйінің мұражайы мен кітапханасына әр тілек білдіруші адам келе алады.

Достық үйі ашылғаннан бастап аймақтық, республикалық және де халықаралық деңгейдегі ресми мемлекеттік шараларды, форумдарды, отырыстар мен кездесулерді, концерттерді ұйымдастыру орталығына айналды.

Солардың ішіндегі ең ірілері мен маңыздылары: облыстық этникалық мәдениеттер фестивалі, «Бірлік - Единство.kz» шекара маңы ынтымақтастығының халықаралық жастар форумы, «Ертіс – достық өзені» атты халықаралық фольклорлық-этнографиялық фестивалі, республикалық этномәдени бірлестіктердің жастар құрамалары арасындағы «Менің Қазақстаным» зияткерлік шоуы, «Мәдениет диалогынан – диалог мәдениетіне» атты этномәдени орталықтардың жастар бірлестіктерінің облыстық форум-фестивалі, облыстық этномәдени бірлестіктердің жастар ұжымдары арасындағы жыл сайынғы мемлекеттік тілдегі патриоттық әндер байқауы, түркі және славян жазулары күндері, «Бір отбасында тұрамыз» атты жазғы фестиваль аясындағы ұлттық мәдениеттер күндері.

Сондай-ақ Достық үйі негізінде Наурыз, Қазақстан халқының бірлігі күні, Жеңіс күні, Астана күні, Қазақстан Республикасы Конституциясының күні, Тұңғыш Президент күні, Қазақстан тәуелсіздігінің күні сияқты мерекелерге арналған салтанатты шараларды өткізу игі дәстүрге айналды.

Достық үйі маңызды шараларды өткізетін орын ғана емес, сонымен бірге, әр түрлі этнос пен мәдениет өкілдері жұмыс істейтін құтты мекен. Ол – Павлодар облысы аумағындағы достық, бірлік пен бейбітшіліктің символы.

2015 жылғы 5 маусымда Павлодар облысы әкімдігі Павлодар облысы мәдениет басқармасының «Достық үйі» мәдени-сауық орталығы» коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны Павлодар облысы әкімі аппаратының «Қоғамдық келісім» коммуналдық мемлекеттік мекемесі болып қайта құрылды.

Қ.Б.Даржұман атындағы ұлттық жаңғыру мектебі

Қ.Б.Даржұман атындағы ұлттық жаңғыру мектебінде қосымша білім беру мекемесі ретінде ҚР халқының мәдени мұраларына оқыту арқылы балалардың және жасөспірімдердің жеке, әлеуметтікмдамуы үшін жағдай жасалған. 1997 жылы облыстық Қазақстан халқы ассамблеясының қолдауымен 2012 жылы осы білім ордасына Қанат Болатұлы Даржұман аты берілді.

Мектеп өз қызметін «Білім туралы», «Тілдер туралы», «Ел бірлігі доктринасы» заңдары негізінде жүзеге асырады. Білім беру мектеп әзірлеген, бекіткен оқу бағдарламалары арқылы іске асады. Ұлттық бөлімдердегі оқу үдерісі этномәдени ортада жеке тұлғаны дамытуға және қалыптастыруға бағытталған.

Оқу-тәрбие жұмыстары негізінен этномәдени ортада полимәдени тұлғаны дамытуға, қалыптастыруға бағытталған жұмыстарды мектеп педагогтарының технологияны, әдістемені дұрыс таңдауының арқасында жүзеге асады.

2014-15 оқу жылда оқытумен 14 ұлттық бөлімше мен 2 мәдени орталықта жалпы саны 566 бала дәріс алдs. Әр бөлімшеде түрлі деңгейдегі топтар, дәрістік сабақтар - тақырыптық жоспар мен кесте негізінде жүзеге асады.

Мектеп тілдерді үйретуде авторлық бағдарламалар және жалпы концепциялар қолдануда. Оқу бағдарламаларына мемлекеттік тілді, салт-дәстүр сабақтары, қазақ халқының әдет-ғұрпын дәріптеуге арналған. Мектеп педагогтары бірнеша әдістемелік және нұсқаулықтардың авторлары болып табылады. 2004 жылы «Болгар салт-дәстүрлері» атты оқу құралы жарыққа шықты, ал 2011 жылы «Этномәдени белестер» атты оқу құралы, халықтардың этномәдени мұраларын меңгеру бойынша сөйлеу мәнері және тәжірибелік дағдылардың жұмыс тәжірибесін көрсетеді.

Мектепте 33 оқытушы жұмыс істейді. Қазақстан Республикасының білім және ғылым министірлігі келісімімен поляк және болгар бөлімшелерінде Польша мен Болгариядан келген оқытушылар дәріс беруде. «Рухани әнші», «Астана – Қазақстан тәуілсіздігі мен бірлігі символы», «Неміс бөлімінде театрландырған әдістер бойынша балалардың коммуникативті дағдыларын дамыту», «Ораза айт», «Адвента күні», «Пурим», «Чусок» сияқты ұлттық нақыштағы мерекелерді атап өту арқылы балалар біздің ортақ байлығымыз – бірлік пен ынтымақтастық қадірлеуге үйренеді. Концерт-сабақтар, саяхат-сабақтар, мұражайлар мен кітапханалар базасында өткен дәрістер, мемлекеттік және өз тілдерінде көркемсөз оқу байқаулары, Сәтпаев оқулары, түркі тілдер апталығы, славян жазбалары апталығы жас ұрпақтың танымдық деңгейін арттырып қана қоймай, ұлттық әдет-ғұрыптар мен құндылықтарды дәріптеуге мол мүмкіндік туғызып отыр.

Күнтізбелік әдет-ғұрыптарды театрландыру, ұлттық ойындарды қолдану, ана тілі сабақтарында халық ауыз әдебиеті шығармашылығын білуге арналған интеллектуалдық сайыстар тілдік білімдерін шыңдаумен қатар, еңбек ұжымдында жұмыс істеуге үйретеді.

Мектепте шығармашылық шеберханалар: «Достық» ансамблі, бишілер тобы, бондурашылар ансамбілі, вокалдық топ, «Бірлік» мектеп хоры, «Арай», «Учтаулар» би топтары, декоративті – қолданбалы өнер студиясы жұмыс істейді.

Мектеп көркемөнерпаздар ұжымдарымен мақтанады, олар қалалық, облыстық Қазақстан ұлттарының өнер фестивалдерінде, халықаралық және облыстық сайыстарда жетістіктерге жетіп, оқу орнының мәртебемісін асырып жүр.

Мектеп түлектері ассамблеяның жас қанатын қалыптастырушы және жастар шығармашылық ұжымын құрушы негізгі топ болып саналады.

Мектеп оқушыларын жаңа білім беру қызметімен қамту - педагогикалық ұжымның басты міндеті болып табылады.

Павлодар облысы әкімі аппаратының

«Қоғамдық келісім» КММ

медиа қамту бөлімі



КГУ «Қоғамдық келісім» аппарата акима Павлодарской области — КҮЛЖАН Нурлан Мукатайулы

Тел.: 8 (7182) 32-90-77, 8-701-985-27-99

E-mail: pvldostyk@mail.ru