Қазақстан халқы Ассамблеясы Солтүстік Қазақстан облысы

Достық үйі

Солтүстік Қазақстан облыстық Қазақстан халқы ассамблеясының қызметін қамтамасыз ету мақсатында 2014 жылдың шілде айында «Солтүстік Қазақстан облысы әкімінің аппараты» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің «Қоғамдық келісім» коммуналдық мемлекеттік мекемесі құрылды.

Ұйымның қызметі этномәдени орталықтар арасындағы байланысты нығайтуға, облыстық Қазақстан халқы Ассамблеясының ғылыми-әдістемелік, эксперттік-зерттеу базасын құруға және дамытуға, Қазақстан халқын біріктірудің басты факторы ретінде мемлекеттік тілдің дамуына ықпал етуге, қазақстандық этностардың тілдік ерекшеліктерін сақтауға және дамытуға, жастар арасында толеранттылық пен Қазақстанда тұрып жатқан барша этностардың мәдени дәстүрін, тілін және құндылықтарын құрметтеуге бағытталған.

«Қоғамдық келісім» КММ басшысы Есқожа Әсемгүл Найманқызы болып табылады.

Солтүстік Қазақстан облыстық Қазақстан халқы ассамблеясының, «Қоғамдық келісім» КММ Петропавл қ. Қазақстан Конституциясы к-сі, 27 мекенжайында орналасқан.

Жалпы алаңы 1500 шаршы м. тұратын Достық үйі жергілікті бюджеттен қаржыландырылады. Мұнда облыстық Қазақстан халқы ассамблеясы хатшылығының және «Қоғамдық келісім» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің кабинеттері, 24 этномәдени бірлестіктер, акт залы, іс-шаралар өткізілетін конференц-зал, мемлекеттік, неміс, поляк, татар тілдерін үйренетін кабинеттер бар. Кабинеттер ұйымдастыру техникаларымен жабдықталған және Internetке қосылған.


№17 ұлттық өркендеу мектеп-кешені

КГУ «Қоғамдық келісім» ГУ «Аппарат акима Северо-Казахстанской области» — ЛИТТ Ирина Владимировна

Тел.: 8 (7152) 50-47-50, 50 47 51, 50 45 79
Тел.: 8 707 46 166 46

E-mail: mank.kk.sko@mail.ru