Қазақстан халқы Ассамблеясы Шығыс Қазақстан облысы

Достық үйі

Ежелгі қазақ жері әртүрлі тарихи, әлеуметтік, саяси себептерге байланысты көптеген халық өкілдерін құшақ жая қарсы алды. Олардың көпшілігі бұл өлкеге ерте заманнан-ақ қоныстанды. Қазақстан олар үшін жерұйыққа айналды. Бүгінгі таңда Қазақстанда 130-дан астам ұлт пен ұлыс өмір сүруде. Ал Шығыс Қазақстан жерінде 105 ұлттың өкілдері бір отбасындай ел игілі үшін еңбек етіп, татулықта тұрмыс кешуде. Қазақстан тәуелсіздігінің алғашқы жылдарында Президент Н. Назарбаев ұстанған саясат мүмкін болар қателіктердің алдын алуға негіз болды. Сонымен бірге ішкі және сыртқы саясаттың басты бағыттарын нақты айқындауға мүмкіндік берді. Оның ішінде, әсіресе қоғамдағы тұрақтылық, азаматтық келісім мен этносаралық татулық мәселелері ерекше назарға алынды. 1990 жылдардың басында-ақ Президент Н.Назарбаев еліміздегі барлық ұлттық-мәдени бірлестіктерді бір ортақ ұйымға – Қазақстан халқы Ассамблеясына біріктіру туралы идеясын жариялады. 1995 жылы 1 наурызда Қазақстан халқы Ассамблеясы құрылды. Ассамблеяның басты мақсаты: Қазақстандағы барлық этностардың рухани тұрғыда қайта жаңғыруы мен дамуын қамтамасыз ету; өркениеттік және демократиялық ұстанымдарға, мемлекеттік ұлттық саясатта барлық этностардың мүддесіне деген құрметке негізделген ұлтаралық қатынас мәдениетін қалыптастыру болатындығы айқындалды. Ассамблея жанынан Достық үйлері ашыла бастады. Солардың алғашқысы 1992 жылы іргетасын қалаған Шығыс Қазақстан облыстық Достық үйі. Өз қызметінің алғашқы күнінен бастап-ақ Достық үйінің мақсаты айқын болды. Ол Шығыс Қазақстанда тұрып жатқан ұлттардың ана тілін, салт-дәстүрін, әдет-ғұрыпын, тарихы мен мәдениетін жаңғырту және дамыту, қоғамдық келісім мен тұрақтылықты нығайту, жастардың бойында қазақстандық отансүйгіштікті қалыптастыру, халықтар арасындағы достық пен бірлікті, әрбір этностың мәдени дамуына ықпал ету сияқты, өзге де жұмыстарды жүзеге асырады. Осы жылдар аралығында ұлтаралық татулық пен келісім саясатын іс жүзіне асыруда, ортақ мәдени кеңестің сақталуын қамтамасыз етуде Достық үйі зор үлес қосып келеді.

2015 жылдың 5 қаңтарынан облыстық Достық үйінің атауы Шығыс Қазақстан облысы әкімі аппаратының «Достық үйі – қоғамдық келісім орталығы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі болып өзгерді. Достық үйі – қоғамдық келісім орталығы мақсатқа жету үшін келесі жұмыстарды жүзеге асыруда: өңірдегі Достық үйлеріне әдістемелік көмек көрсету, облыстық этномәдени бірлестіктердің жұмысы үшін жағдай жасау; ұлттық бірлік пен қоғамдық келісімді қамтамасыз ету жөніндегі міндеттерді шешуде қоғамдық азаматтық институтар мен этномәдени бірлестіктерді белсенді тарту; Ассамблеяның міндеттері мен мақсаттарына бағытталған ғылыми, мәдени-көпшілік, қоғамдық-саяси және басқа да іс-шараларды ұйымдастыру және өткізу; этномәдени бірлестіктердің шығармашылық жұмысы үшін, этносаралық қатынастар аясындағы әлеуметтік бастамаларды жүзеге асыру, қоғамдық бірлестіктермен және басқа да азаматтық қоғамдық институттардың Ассамблеямен өзара іс-әрекетін қамтамасыз ету, ғылыми аналитикалық және облыстық ғылыми-сараптық топтың жұмысын қамтамасыз ету және жағдай жасау. Достық үйінің жұмысының тиімділігінің сыры – оның этномәдени бірлестіктермен тікелей байланыста жұмыс жасауы болса керек. Сонымен бірге этномәдени бірлестіктердің мүдделерінің бір жерге тоғысып жатқандығында.

Бүгінгі таңда Достық үйі – қоғамдық келісім орталығында 22 этномәдени бірлестік жұмыс істейді 12 этномәдени бірлестік, 9 қоғамдық бірлестік, 2 жастар қоғамдық бірлестігі «Ынтымақ-Содружества», «Бірлік» және алдыңғы қатарлы жоғарғы оқу орындарындағы ғалымдардан құрылған ғылыми-сараптама тобы, 22 шығармашылық ұжым, зейнеткерлерге арналған «Здоровье», «Жемчуга» клубтары жұмыс істейді. Олар Достық үйінің іс-шараларына белсенді атсалысады. Облыс бойынша 13 Достық үйі жұмыс істейді. Аудандық және қалалық Достық үйлерімен Қазақстан халқының салт-дәстүрі, әдет-ғұрыпы, қолданбалы қолөнерін үйретуде әрдайым жұмыстар жүргізіліп тұрады. Достық үйі – қоғамдық келісім орталығы өңірдегі Достық үйлерінің қатысуымен семинарлар, жиналыстар, ортақ іс –шаралар өткізіп отырады. 2013 жылы ел Президенті Н.Ә. Назарбаевтың бастмасымен басталған «Келісім мен бейбітшіліктің жол картасы» акциясын бірінші бастау бізге сеніп тапсырылса, сонымен бірге Елбасына Қазақстан халқы Ассамблеясының XX мерейтойлық сессиясында барлық ЭМБ өкілдері қол қойған «Достықтың жол картасы» кітабын тапсыру да біз үшін үлкен мәртебе. Достық үйі – қоғамдық келісім орталығының бастамасымен «Ұлттық музыканың 10 күндігі» жобасы жүзеге асырылды. Аталған акция аясында қаламыздың сауық орындарының қолдауымен, дәмханалар мен мейрамханаларда 10 күн бойы ұлттық музыкалар ойнатылды. Алғашқы 10 күндік қазақ музыкасына, әрі қарай орыс музыкасына, содан кейін басқа ұлттардың музыкасымен жалғасын тапты, . Достық үйі – қоғамдық келісім орталығының тағы бір бағыты қазақстандық отансүйгіштікті қалыптастыру жұмысын жүзеге асыруда, қала мекемелерінде, қала, аудандарда өткізген шаралар, Ұлы Отан соғысы, Қазақстан тарихы бойынша өткізілген лекторилерді айтсақ болады. Сонымен бірге ЭМБ өкілдерінің арасынан ақпараттық-насихаттау тобы құрылған, оның құрамында лекторлармен бірге көркемөнерпаздар ұжымы да бар. Олар ШҚО алыс шет аудандарында, сондай-ақ көптеген сахналық алаңдарда, облысымыздың өнеркәсіп мекемелерінде, ЖОО-ры мен колледждерде, әсіресе мектептерде патриоттыққа және еңбекке баулу бойынша ата-аналармен, мұғалімдермен бірлесіп дайындалған арнайы бағдарлама бойынша бірлескен жұмыс жүргізді.

ШҚО әкімі жанындағы облыстық қоғамдық кеңестің, ІІД қоғамдық кеңесінің, дін істері жөніндегі кеңестің, қамқорлық және ардагерлер кеңесінің жұмыстарына қатысады.

Достық үйі – қоғамдық келісім орталығы облыстағы алдыңғы қатардағы ғалымдармен белсенді жұмыс жүргізе отырып, түрлі іс-шаралар өткізеді: олар конференциялар, фестивальдер, диспуттар, дебаттар.Республикаға белгілі ғалым, абайтанушы, философия ғылымдарының докторы Евгений Иванович Григорьевтің жетекшілігімен ғылыми-үйлестіруші кеңес құрылды. Бүгінгі күні осы міндетті тарих ғылымының кандидаты, доцент Нелли Леонидовна Краснобаева жетекшілік ететін ғылыми-сараптық топ атқарып келеді. Келешек жоспарларды құру кезінде, баспа қызметін жүзеге асыруға белгілі көлемде қаржы салынады, сонымен бірге бұл жұмысқа демеушілер де тартылады.

ҚХА қолдауымен ШҚО Қазақстан халқы Ассамблеясының ұсынысы бойынша біздің облысымызда, Н. Алексеенконың жетекшілігімен алғаш рет демография институты ашылды, бүгінде ол әлеуметтік-демографиялық лаборатория. Шекаралас мемлекеттер ынтымақтастығы аясында ҒСТ, ғалымдардың қатысуымен әртүрлі тақырыптарда ғылыми-практикалық конференциялар өткізіліп тұрады. Атап айтсақ, «Алтай – халықтар достығының алтын бесігі» халықаралық форумы аясында Қазақстан, Ресей, Қытай, Қырғызстан, АҚШ ғалымдарының қатысуымен «Қазақстан және көршілес мемлекеттердегі этнодемографиялық үрдістер» XIV халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференциясы.

I конгрестің қорытындысы бойынша директорлардың республикалық кеңесі құрылып, Достық үйлерінің тұжырымдамасы дайындалды, аналитикалық-әдістемелік бөлім ашылды.

Достық үйі – қоғамдық келісім орталығының штаттық бірлігі 25%-ға артты, ал іс-шараларды өткізу соммасы 50 %- ға көбейді.

Елбасының тапсырмаларын жүзеге асыру аясында Достық үйі – қоғамдық келісім орталығы жастармен жұмыс істеуге ерекше көңіл аударады. Ел Президенті ХХ сессиядағы баяндамасында: «Қоғамдық келісімді қалыптастыру бойынша Ассамблеяның барлық деңгейдегі іс-шараларына жастарды татуды қамтамасыз ету маңызды». Жастар саясаты аясындағы басты басымдық ол әлемдегі бәсекелестікке қабілетті мемлекеттердің бірі ретінде стратегиялық тапсырмаларды қамтамыз етуге қабілетті, рухани-интеллектуалды тұлға қалыптастыру болып табылады.

Достық үйі – қоғамдық келісім орталығының қызметі аясын кеңейту үшін облыстағы алдыңғы орындағы ЖОО-мен, жастардың қатысуымен, бірлескен іс-шаралар өткізу жөніндегі меморандумдар бекітілді.

Қазақстандық патриотизмді қалыптастыру мақсатында ІІБ, әскери бөлімдермен, ӘТМ, сонымен бірге білім басқармасымен, Ахмер балалар ауылымен, қала мектептерімен ортақ жоспар құрылды.

Достық үйі – қоғамдық келісім орталығында «Ынтымақ-Содружество» жастар ҚБ құрылып, жастарды этносаясатқа тарту бойынша мақсаттылыққа бағытталған жұмыстарды белсенді жүргізіп келеді.Бірқатар маңызды шаралар өткізді, соның ішінде:

  • ҚР Президенті жанындағы мемлекеттік басқарма академиясының, Алтай өлкесінің, республиканың Достық үйлерінің жастар бірлестіктері өкілдерінің қатысуымен өткен on-line конференциясы;
  • «Молодежь ЭКО за ЗОЖ» спорттық-билердің опенэйрі, «Радуга дружбы» ColorFest. Жастардың қатысуымен дәстүрлі өтетін Fusion-шаралары, соның ішінде этно-рэп, этно-рок, dance-party,флэш-мобтар.

Сонымен бірге Достық үйі – қоғамдық келісім орталығында орыс этномәдени бірлестігінің жанынан құрылған «Кругозор» мәдениет және туризм жастар орталығы ай сайын «Бумеранг» студенттерге арналған және «Радуга» балаларға арналған ақпарттық-танымдық журналын өткізеді. Орталықтың жанынан құрылған «ВЕГА» студенттер педотряды жыл бойына Бухтарма суқоймасының жағасында орналасқан лагерьде қысқы, жазғы каникул кездерінде мектеп оқушыларына белсенді демалыс ұйымдастыра отырып, демалыс барысында мемлекеттік тіл мен ағылшын тілін үйретеді.Сондай-ақ жастар қанаты бірнеше экологиялық акция ұйымдастырып өткізді. Қала төңірегін тұрмыстық қоқыстардан тазартып, жас көшеттер отырғызып, қаланы гүлдендіруге атсалысады.

Достық үйі – қоғамдық келісім орталығында зейнеткерлерге арналған «Жемчуга» әдеби клубы және ардагерлердің «Здоровье» клубы жұмыс істейді.

Достық үйі – қоғамдық келісім орталығы патриоттық тәрбие беруде, өз жұмысын насихаттау үшін:

- Шығыс Қазақстанда тұратын белорустар, орыстар, поляктар, немістер, татарлар, еврейлер туралы библиографиялық кітаптар, ғылыми-тәжірибелік конференциялардың жинақтарын, ЭМБ үшін әдістемелік құралдарын, брошюраларды шығарып келеді. Сонымен бірге Достық үйінің 20-жылдығында «Бірлігі жарасқан біздің үй» атты кітабі жарық көрді.

- ЭМБ жұмысы туралы «От Рейна до Иртыша», «Армения моем сердце», «Золотые женщины Востока», «Достық үйі – 20 жыл» атты фильмдер түсірілді.

- «Ассамблея Жаршысы» газетін 500 данамен шығарылады, онда ЭМБ өкілдерінің мақалалары, республикалық, облыстық, қалалық ауқымдағы маңызды оқиғалар туралы ақпараттар жарияланады.

- бесінші жыл Достық үйінің сайты жұмыс істеп келеді. Онда өткізілген іс-шаралар, ЭМБ, шығармашылық ұжымдар туралы ақпараттар қойылады.

Қаламыздағы кәсіпорындарменде бірлескен жұмыстар жүргізіледі. Сонымен, демеушілердің қаржылай көмегімен «Достық үйлері директорларының I конгерсі», «Достық үйінің 20 жылдығы», «Алтай – халықтар достығының алтын бесігі» атты халықаралық форумы және басқада ауқымы кең іс-шаралар өткізіліп, «Достық стелласы» орнатылды.

Біздің жұмысымыздың тағы бір басым бағыттарының бірі ол мемлекеттік тілді меңгерту, қазақ және басқа да халықтардың мәдениетін үйрету бағытында өткізілетін түрлі шаралар. Осы бағытта мемлекеттік органдармен бірлескен жүйелі іс-шаралар конкурстар, конференциялар өткіземіз.

Этномәдени бірлестіктер әрбір халықтың мәдени мұрасын жаңғырта әрі дамыта отырып, оны өскелең ұрпаққа аманат етіп қалдырады. Этномәдени бірлестіктердің қызметінің аса жауапты міндеттерінің бірі – әрбір этностың тілін жексенбілік мектеп арқылы дамыту. Бүгінде «Шығыс Қазақстан халықтарының мәдениетімен тілдерін түлету» мектебінде 14 тіл оқытылады.

Облысымызда тұратын этностардың мәдениеті, салт-дәстүрі оқып-үйрету жөнінде ашық сабақтар өткізіледі. Мектепте 1000 аса тыңдаушылар оқиды. Сонымен бірге Достық үйі – қоғамдық келісім орталығы мемлекеттік тілді меңгерту бойынша өзге ұлт жастары арасында «Тіл – халық жанын танудың кілті», «Тілі бірдің – тілегі бір» «Мемлекеттік тіл – тірегім!», «Ана тілім – асыл қазынам» конкурстарын, сонымен бірге жастарды патриоттық рухта тәрбиелеу мақсатында Рәміздер күніне арналған байқаулар өткізіп келеді.

Облыстық телеарнада ЭМБ қызметі туралы бейнефильдер түсірілген «Біз біргеміз» атты теле жобасы жүргізіледі. Достық үйінің барлық шараларына аға буын өкілдері белсенді қатыса отырып, өз тәжірибелерімен бөлісіп, жастарға білгендерін үйретіп келеді. Қаламыздың оқу орындарының студенттері барлық өткізіп жатқан іс-шараларымызға әрдайым қатысады, бізде өз кезегімізде олардың шараларына қатысып тұрамыз.

Сонымен бірге орталықта Елбасының халыққа жолдауларындағы тапсырмаларды түсіндіретін, құрамында әр түрлі саланың өкілдері мен ЭМБ өкілдері бар ақпараттық-насихаттау тобы жұмыс істейді.

Достық үйі – қоғамдық келісім орталығы жақын шет елдермен достықты жалғап тұрған алтын көпір іспеттес... Көптеген шаралар этноауылда елшіліктердің қатысуымен өтеді. Соның бірі «Алтай – біздің ортақ үйіміз» жобасы аясында өткен шараға Ресей, Монғолия, Қытай елдерінен келген делегациялар қатысты.

Өткен жылы этномәдени бірлестіктердің қатысуымен, облысымызда «Алтай – түркі әлемінің бесігі» атты Халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференциясы өтті, өңірімізге Алтай өлкесінің Губернаторы А.Б. Карлиннің келуімен байланысты бірқатар шаралар өткізілді, жыл сайын корей киносының фестивалі, корей елшісі Пэк Чу Хеннің қатысуымен өтеді.

ЭМБ Алтай өлкесі, Сростки қаласында дәстүрлі өтетін Шукшин оқуына қатысады. Славян қоғамы өткізетін «Беловодье» халықаралық фестиваліне Ресей мемлекетінің әр өңірінен шығармашылық ұжымдар қатысады. Жыл сайын дәстүрлі өткізілетін «Сабантуй» татар халық мерекесіне Татарстанның тұңғыш Президенті М. Шаймиев қатысты. Сонымен бірге Халықаралық деңгейдегі «Иртыш Муннары» татар өнерінің және «Иртышские напевы» орыс өнерінің фестивальдері дәстүрлі түрде өтіп тұрады.

Біздің шығармашылық ұжымдар Қазақстан Республикасы мен Ресей Федерациясы шекаралас аймағының Омск қаласында өткен IV-ші Халықаралық фестиваліне, сонымен бірге «Достықтың жол картасы» акциясы бойынша Павлодар, Ақсу, Талдықорған, Үшарал, Курчатов, Серебрянск, Риддер қалаларына, Тарбағатай, Зайсан, Абай, Шемонаиха аудандарына тәжірибе алмасу мақсатында іс-сапармен барып қайтты.

Наурыз меркесі қарсаңында Республикадағы Қазақстан халқы Ассамблеясы және Достық үйлерінің өкілдерінің қатысуымен on-line режімінде өтті. Әрі қарай да әртүрлі тақырыптарда on-line конференциялар, Дөңгелек үстелдер, семинарлар өткізу жоспарлануда.

Атап өту керек, көптеген креативті жобалар, тек бюджеттік қана емес, соның ішінде Республикадағы өңірлерге іс-сапарға шығу шараларын өткізу облысымыз бен қаламыздағы кәсіпорындар мен бизнес-құрылымдардың атап айтсақ, «Казцинк», «Бипек-Авто», «Востокмашзавод», «Конденсаторный завод» АҚ және басқалардың қаржыдай көмек көрсетуімен жүзеге асып келеді. Ол Елбасының кәсіпорындар мен бизнес-құрылымдардың алдында әлеуметтік жауапкершілік туралы қойған тапсырмаларына байланысты. Елбасының халыққа жолдауларындағы тапсырмаларды орындауға бағытталған іс-шаралар ардагерлер ұйымдарымен, құқық қорғау органдарымен, жастар бірлестіктерімен, үкіметтік емес ұйымдармен өткізіліп келеді.


2015 ж желтоқсан айына ШҚО әкімі аппаратының «Достық үйі – қоғамдық келісім орталығының» КММ жұмыс жоспары

И.о. руководителя КГУ «Дом дружбы – центр общественного согласия» аппарата акима ВКО — АЛКАНОВА Жанар Ахметкалиевна

Тел.: 8 (7232) 26-48-73
Тел.: 8 777 994 58 19

E-mail: kogamdik@post.kz, oddn@mail.ru


КГКП «Городской Дом Дружбы». г.Семей — ШАРОВА Надежда Васильевна

Тел.: 8 (7222) 36-06-40, 8 (7222) 36-06-49

E-mail: dom.druzhba@mail.ru


КГКП «Дом дружбы» города Курчатов — КАЛИМОЛДИНА Асемгуль Кайпхановна

Тел.: 8 (722-51) 26 1 01, 8(722-51)79-003
Тел.: 8-777-480-19-80

E-mail: dom_druzhby@mail.ru


КГКП «Дом дружбы» ГУ «Отдел культуры и развития языков Шемонаихинского района» акимата Шемонаихинского района Шемонайхинский район ул. Вокзальная 166 — СОБОЛЕВА Вера Геннадьевна

Тел.: 8 (72332) 3-42-27, 8-705-562-54-38

E-mail: shemdomdr@mail.ru


КГКП «Дом Дружбы» Глубоковского района» Глубоковский район, ул. Пирогова 4 — НАМАЗБАЕВА Әйгерім Сабыржанқызы

Тел.: 8 (72331) 2-38-23, 8 (72331) 7-91-19, 8-771-913-33-28

E-mail: ddn_glubokoe@mail.ru

КГКП «Дом дружбы Бородулихинского района» ГУ «Отдел культуры, развития языков, физической культуры и спорта Бородулихинского района ВКО» — ШПИЛЬКИНА Александра Александровна

Тел.: 8 (72351) 2-20-96, 8 (72351) 2-20-56, 8-705-415-51-93

Факс.: 2-20-56 Бородулихинский район ул. Достык 217

E-mail: bor.dd@mail.ru, aleksandra.shpilkina@mail.ru


ГККП отдела культуры и развития языков города Риддера Городской «Дом дружбы народов» г. Риддер, ул. 4 микрорайон 33 — ТИЩЕНКО Ольга Николаевна

Тел.: 8 (72336) 4-23-40, 8-777-977-52-56

E-mail: domdruzhbi.ridder@mail.ru

ГККП «Дом дружбы» акимата района Алтай Район Алтай ул. Панфилова 7 — ФИЛИМОНОВА Елена Алексеевна

Тел.: 8 (72335) 6-15-11, 8-705-417-36-53

E-mail: sambaeva_dilbar@mail.ru, ddzyr@mail.ru


КГКП "Дом Дружбы Бескарагайского района" Бескарагайский район ул. Сейфулина 144 — АБЫЛГАЗИНОВА Мейрамгуль Рысбековна

Тел.: 8 (72236) 9-10-88, 8-705-276-31-33, 8-708-353-12-10

E-mail: besk_dostyk_yi@mail.ru


Филиал центра общественного согласия Жарминского района — ЕСЕНЖОЛОВА Жанат Сырлыбаевна

Тел.: 8 (72347) 67-213, 8 (72347) 654-95, 8 778 320 35 10

E-mail: zharma_ovp14@mail.ru


Дом Дружбы Уланского района — МУСИНА Аяжан Калымовна

Тел.: 8 (72334) 2-11-68, 8-777-315-81-38, 8-705-188-06-90

E-mail: ovpulan@mail.ru, musina_77_77@mail.ru


КГУ «Дом Дружбы» Катон – Карагайского района — ГОСТЕЕВА Наталья Александровна

Тел.: 8 (72341) 2-19-40, 8-777-324-48-12

E-mail: domdruznbu_katon@mail.ru, katon_politika@mail.ru


КГУ «Қоғамдық келісім» Урджарский район — ҚАЖЫТАЙ Серікжан Ержан

Тел.: 8-707-910-34-96

E-mail: ank_urzhar@mail.ru