Достық үйі
Жамбыл облысы әкімі аппаратының «Қоғамдық келісім» КММ-нің құрылуы туралы мәлімет.
Жамбыл облысы әкімі аппараты Қазақстан халқы ассамблеясының «Достық үйі» КММ облыс әкімінің 2013 жылғы 26 желтоқсандағы №404 қаулысы негізінде құрылған. Мекеме құрылған уақытта штаттық құрылымы 39 бірліктен тұрды. Оның ішінде 5 бөлім: әкімшілік құрамы, ғылыми- сараптамалық, көпшілік іс-шаралармен тілдерді дамыту және этностар мәдениеті, әдістемелік, материалдық - техникалық қамсыздандыру және шаруашылық қызмет көрсету бөлімдері.
2015 жылдың 26 наурызында облыс әкімінің №48 қаулысымен «Достық үйі» КММ атауы Жамбыл облысы әкімі аппаратының «Қоғамдық келісім» КММ болып өзгертілді. Осыған сәйкес штаттық кестесі бекітіліп бөлім атаулары жаңа атаулармен аталды.
Мекеменің мақсаты мен міндеті:
«Қоғамдық келісім»КММ-нің негізгі мақсаты:
-Жамбыл облысы Қазақстан халқы ассамблеясының қызметін атқару;
-аймақтағы мемлекеттік этносаясатты іске асыруды жүзеге асыру;
-облыстағы этномәдени бірлестіктердің және басқа қоғамдық ұйымдардың қызметін ұйымдастыру және үйлестіру, этностардың мәдениеті мен тілдерін дамытуға практикалық көмек көрсету, қоғамдық келісімді нығайту, халықтық дәстүрлермен әдеп-ғұрыптарды насихаттау бойынша жұмысқа тарту;
-облыс ҚХА-ның қызметін ғылыми-сараптамалық қолдауды іске асыру;
-этносаралық және қоғамдық келісім, толеранттылық мәселелер бойынша халыққа ақпараттық – түсіндіру және консультативтік көмек көрсетуді іске асыру;
- Қазақстан халқының бірлігін нығайтуға бағытталған ҚХА ның бұқаралық іс шараларын ұйымдастыру және өткізу;
«Қоғамдық келісім» КММ төмедегі құрылымдар бойынша жұмыс атқарады:
-әкімшілік басқару құрамы;
-ғылыми сараптамалық талдау;
-баспасөз қызметі;
-қоғамдық көпшілік іс шараларды ұйымдастыру;
-этносаралық қатынастар саласында әдістемелік көмек көрсету және маниторинг жүргізу;
-материалдық - техникалық және қамсыздандыру және шаруашылық қызмет көрсету бөлімдері;
«Қоғамдық келісім» КММ нің штаттық құрылымы 39 бірліктен тұрады.
КГУ «Қоғамдық келісім» аппарата акима Жамбылской области» — УБАЙДУЛЛАЕВА Рано Махсудовна
Тел.: 8 (7262) 54-10-37, 54-11-03, 54-11-31, 54-14-08
Тел.: 8-778-93-28-053
E-mail: domdruzhby_taraz@mail.ru