Қазақстан халқы Ассамблеясы Алматы облысы

Ассамблея туралы

Алматы облыстық Қазақстан халқы Ассамблеясы

Елбасы Н.Ә. Назарбаевтың Жарлығымен 1995 жылы Қазақстан халқы Ассамблеясы құрылды. Оның негізінде этносаралық толеранттылық пен қоғамдық келісімнің Қазақстандық моделі қалыптасты.

Алматы облысында статистикалық мәліметтер бойынша 103 этнос өкілдері тұрадыОлар — 23 облыстық этномәдени бірлестік пен олардың аудандық (38) және қалалық (10) филиалдары (жалпы саны 71).

Елбасы Н.Ә. Назарбаев Қазақстан халқы Ассамблеясының ХХІ сессиясында сөйлеген сөзінде: «Қазір Ассамблеяның барлық жұмысын басқарудың тиімді механизмін жасайтын сәт туды» — деген болатын. Соның негізінде және Қазақстан халқы Ассамблеясының 2020 жылға дейінгі даму Тұжырымдамасын, Достық үйлерін дамыту Тұжырымдамасын жүзеге асыру мақсатында «Облыстық Достық үйі» МКҚК облыстық әкімдік аппараты жанындағы «Достық үйі — Қоғамдық келісім орталығы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі ретінде қайта құрылды. Оған облыстық Ассамблеяның қызметін қамтамасыз ету функциясы жүктеледі.

Облыстық Қазақстан халқы Ассамблеясы барлық этностарды қазақ халқының маңайына топтастырып, ең басты ұлттық құндылықтарымыз — татулық, достық, бірлікті сақтау мақсатында жұмыстар атқарып келеді.

Облысымыздағы этнос өкілдерінің тілдерін, салт-дәстүрлерін және жалпы мәдени мұраларын жаңғыртып, сақтап, дамытуда Қазақстан халқы Ассамблеясының қосар үлесі үлкен.


   «Ұлағат» ақсақалдар Кеңесі