Қазақстан халқы Ассамблеясы Батыс Қазақстан облысы

Жастар бірлестіктер

БҚО Қазақстан халқы Ассамблеясының жастар қанаты

Спиридонов Игорь Владимирович

Батыс Қазақстан облысында 3 желтоқсан 1987 жылы дүниеге келген.

Байланыс телефоны 8 (701) 787 77 71

Батыс Қазақстан облысы Қазақстан халқы ассамблеясының

жастар қанаты

Батыс Қазақстан облысында ұрпақтар сабақтастығын сақтауға және қазақстандық патриотизмді қалыптастыруға БҚО Қазақстан халқы Ассамблеясының жастар қанаты ұйымдастырылған болатын. Жастар қанаты, жастардың құқықтары мен заңды мүдделерін реттеу саласындағы Қазақстан халқы Ассамблеясының жұмысын жеңілдету үшін тұрақты әрекет ететін, алқалы, кеңес органы болып табылады . БҚО ҚХА жастар қанаты Қазақстан Республикасының Конституциясына , Батыс Қазақстан облысының заңдары мен ережелеріне сәйкес, ерікті негізде жұмыс істейді.

Өз кезеіңінде, Қазақстан халқы Ассамблеясының қызметінде әрбір этномәдени бірлестікте жастар қанаты активтері құрылды.

ҚХА жастар қанатының түбірінде В.Костюков, А. Сикун, А. Имангазиева, Т.Оборина, И. Жиликтар тұрды. Бүгінгі күні БҚО ҚХА жастар қанатын Игорь Владимирұлы Спиридонов басқарады. Этно- мәдени бірлестіктердің белсенді мүшелерінің арасында Қазақстан халықтары Ассамблеясының стратегиясын жүзеге асыру үшін үлес қосқан жастар арасындағы өкілдер бар: Альфия Лежнина, Надия Савельева (татар мәдени орталығы), Татьяна Акчурина (достық клубы), Азат Джафаров, Рахим Мамедов (әзірбайжан ЭМБ), Тамара Тян, Кристина Афанасьева, Владислав Ким (Қазақстан кәрістері қауымдастығынң филиалы), Татевик Тер-Григорян (армян қоғамы) және тағы басқалары.

Жастар қанатының бөлігі ретінде этно- мәдени бірлестіктердің , студенттер, облыстық жастар бірлестіктерінің өкілдері бар . Олар трансшекаралық ынтымақтастықты нығайту , тарихи -мәдени мұраны насихаттау , фольклор , ғылыми және ғылыми- практикалық конференциялар , далалық сапарлар мәдени және білім беру қызметін ұйымдастырады.

Түрлі этникалық топтардың жастары оқитын М. Өтемісұлы атындағы Батыс Қазақстан мемлекеттік университетінде «Дотық» студенттің клубы құрылды, Батыс Қазақстан «Еуразия» тілдер және менеджмент институытында, Жәңгір хан атындағы Батыс Қазақстан аграрлық-техникалық университетінде, Батыс Қазақстан Ақпараттық технологиялар және инновациялық даму институтының филиалында, Ж.Досмұхаммедов атындағы педагогикалық колледжінде мақсаты достықты, этномәдени дәстүрді, қазақстан патриотизміне үйрететін клубтар құрылды. Сонымен қатар барлық оқу орнындарында әр түрлі этностардың мәдениеті мен дәстүрмен танысуға болатын достық клубы құрылды.  Белсенді жастар қанаты сондай-ақ қайырымдылық жұмыстарына қатысады.

Еврей мәдени қоғамында жастар арасында вокалды-аспаптық, би және вокал ұжымы ұйымдастырылды. «Мирзоян» Армян этнобірлестігімен «Арарат» би ансамблі құрылды, татар мәдени орталығында «Империя» рок-тобы, би, «Ляйсан» вокал «Кубалякляр» және жайдарман тобы жұмыс атқарады. Орыс мәдени орталығының «Скоморохи» балалар фольклорлық ансамбль ұжымы Қазақстан халқы Ассамблеясының облыстық мәдени-көпшілік іс-шараларының бесленді қатысушысы, түрлі байқаулар мен фестивальдардың иегері. Қазақстан халқы Ассамблеясының іс-шараларында Н.А. Васильева басқаруымен   «Ай-Луна» әзербайжан ансамблі қатысады.

Аудандарда Қазақстан халқы Ассамблеясына орай жастар дәстүр, фольклор және халықтық шығармашылыққа насихаттауға жұмысқа тартады. Мәдени мекемелерде, кітапханаларда және бос орындарда халық биін, бинелеу өнерін, көрме түріндегі әдеби туындыларын, байқаулар және қолөнер үйірмелерін дамыту мақсатында белсенді жұмыстар жүргізуде.

Зеленов ауданында түрлі этникалық топтардың өнер өндірістері, достық тақырыбында мәдени бағдарламаларды жүзеге асыратын «Дарьюшка» шығармашылық ұжымы барлығына белгілі. Жәнібек ауданында ТМД шекара маңындағы өңірлерінің мәдени шығармашылығымен,  бейнелеу өнерімен танысуға болатын  «Ақ көгершін» мектеп клубы сәтті жұмыс істейді.  Волгоград, Саратов, Астрахань, Орынбор Ресей Федерациясының облыстарындағы түрлі ұлт балаларының  қатысуымен достық фестивалі ұйымдастырылды .

Қазақстан халқы Ассамблеясының жастар қанаты күшімен көптеген іс-шаралар өтеді. Қазақстан Республикасының мемлекеттік рәміздері күніне арналған «Менің Отаным-Қазақстан» акциясы, «Отаным менің – Қазақстан» патриоттық әндер байқауы, «Көршілер - Соседи» жастар лагері, татар жастарының халықаралық форумы, Шекара – жүректерді бөлмейді» Ресей Федерациясының жастарынның қатысуымен өтетін халықаралық форум және тағы да басқа Батыс Қазақстан облысындағы үлкен акциялар мен форумдар міндетті түрде БҚО ҚХА жастар қанатының қатысуымен өтеді.Мемлекеттік жастар саясатын қалыптастыру мен жүзеге асыруға қатысуға жастардың шоғырландыру ;мемлекеттік жастар саясатын жүзеге асыру саласындағы нормативтік құқықтық актілер жобаларын дайындауда БҚО ҚХА жастар қанаты мәслихаттардың, әкімдіктердің комитеттерінің жұмысына қатысады.

Жастар мәселелерін талқылау мақсатында қоғамдық конференциялар, семинарлар, сұхбат алаңдарын және басқа шараларды ұйымдастырады.Жастар қанатының мақсаттары мен міндеттеріне қол жеткізулеріне мүдделі ғылыми-зерттеу мекемелерімен, ақпараттық – талдау орталықтарымен, партиялармен, ҮЕҰ, Ресей Федерациясындағы жастар саясаты бойынша әріспестерімен және басқа мамандандырылған ұйымдармен өзара қарым-қатынас орнатады.Сондай-ақ БҚО ҚХА жастар қанаты ішкі саясат басқармасымен бірлесіп, Қазақстан халқы Ассамблеясының рөлін, төздімділікке тәрбиелеуді, дәстүрлі емес діни қозғалыстардың таралуының алдын алу мақсатында дөңгелек үстелдер, конференциялар, пікірталастар өткізеді. Кез келген іс-шаралар ұйымдастыру кезінде, концер, фестиваль, дөңгелек үстел немесе байқауда Қазақстан халқы Ассамблеясының жастар қанаты жастардың жан-жақты даму мәселесін талқылау мақсатында барынша көп жастар мен басқа этностың балаларын билеуге және ән орындауға қатыстыруға тырысады. Жастар қанатының негізгі мақсаттары:Жастар мәселелерін шешуге көмектесу, олдардың мүдделерін қорғау;жастардың белсенді азаматтық құқықтық және саяси мәдениетін қалыптастыруға ықпал ету;мемлекеттік жастар саясатын қалыптастыру мен жүзеге асыруға қатысуға жастарды шоғырландыру ;Мемлекеттік билік пен жергілікті органдар мен жастардың, жастар мен балалар қоғамдық келісім өкілдері арасында тиімді ынтымақтастықты көтермелеу.

 

Жастар қанатының негізгі міндеттері:

жастардың , әлеуметтік-құқықтық , білім беру, мәдени , адамгершілік , патриоттық және физикалық дамытуға жәрдемдесу , жастар бастамаларын қолдау мен жас қызметкерлердің әлеуметтік және еңбек құқықтарын қорғау;

жастар саясатын іске асыру жөніндегі үкімет өкiлдi және атқарушы салаларының қызметі туралы объективті ақпаратпен жастарды қамтамасыз ету;

Жастар саясатын жүзеге асыру үшін өкілінің қызметі мен атқарушы органдары туралы жастардың пікірін зерттеу;

Облыстағы жастардың жағдайын және жастар қанаты кеңесінің қызметін Қазақстан халқы Ассамблеясының сессияларында,  кеңес отырыстарында ақпарат ету.

Жастарды рухани және адамгершілікке үйрету процесіне қатыстыру, тұлғаның толеранттық сапасын қалыптастыру;

орта және жоғары білім беру аясында этно-мәдени білім беру бағдарламаларын дамыту үшін ұсыныстарды әзірлеу және ұсынуға қатысу;

Әлемдік мәдени құндылықтар менөзге халықтардың тарихы мен тілдерін, мәдениетін құрметтеуге тәрбиелеу мен бірге  әрбір этностық топтың мәдениеті мен тілін сақтау мен дамыту құралы ретінде жексенбілік сынып ұйымдастыру жұмысын жақсарту.

жастардың өзекті проблемаларын социологиялық зерттеулер пәніне ұсыныстар енгізу

Ресей Федерациясы әріптестерімен мәдени, спорттық , ғылыми, туристік , этнографиялық , көркем , рухани және басқа да салалардағы ынтымақтастық .

азаматтық қоғам біртіндеп және дәйекті демократияландыру , қалыптасу және даму процесінде жастарды тарту және жандандыру .

Жастар қанатының жұмысының басымдығы – этностардың көп қырлы мәдениеті туралы бай білімі мен төзімділік санасы қалып тасқан егеменді Қазақстанның лайықты азаматын тәрбиелеу.

Батыс Қазақстан облысының

Казақстан халқы Ассамблеясының

жастар қанаты төрағасы И.В. Спиридонов


   БҚО ҚХА Жастар қанаты кеңесінің ережесі