ҚАЗАҚСТАН ХАЛҚЫ АССАМБЛЕЯСЫ ДОСТЫҚ ҮЙЛЕРІ ДИРЕКТОРЛАРЫНЫҢ РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ӘДІСТЕМЕЛІК КЕҢЕСІНІҢ КЕҢЕЙТІЛГЕН ОТЫРЫСЫ
2016 жылғы 25 қарашада сағат 10.00-де Қарағанды қаласындағы Достық үйінде (Шахтерлер даңғылы, 64, Атриум залы) Қазақстан халқы Ассамблеясы Достық үйлері директорларының республикалық әдістемелік кеңесінің кеңейтілген отырысы болады.
Отырыстың модераторы ҚР Президенті Әкімшілігі ҚХА хатшылығы меңгерушісінің орынбасары Л.А.Прокопенко болады.
Іс-шараға Қазақстан халқы Ассамблеясы хатшылығының өкілдері, өңірлік «Қоғамдық келісім» КММ басшылары – Достық үйлерінің директорлары, ҚХА, этномәдени бірлестіктердің мүшелері, этноағарту кешендерінің оқытушылары қатысады.
Отырыс барысында ҚХА Достық үйлерін дамыту тұжырымдамасының іске асырылу барысы, Шығыс Қазақстан және Қызылорда облыстарының мысалында Достық үйлерінің жұмыс тәжірибесі, азаматтық қағидатта қазақстандық бірегейлікті нығайту аспектілері, сондай-ақ Қазақстан халқы Ассамблеясы қызметінің жаңа бағыттарын – қайырымдылықты, медиацияны және қоғамдық бақылауды дамыту мәселелері қаралатын болады.
Отырыс шеңберінде Достық үйлері мен этномәдени бірлестіктердің қызметіндегі жаңа әдістерге, этноағарту кешендерінің жұмысын ұйымдастыруға арналған панельдік пікірсайыстар мен семинар-тренингтер өткізіледі.
_______________________________
«Қоғамдық келісім» РММ Баспасөз қызметі:
тел.+7(7172) 74-12-15, 74-12-13
15 Августа, 18:31
В Кызылорде прошла встреча, посвящённая Году рабочих профессий «Адал адам – адал еңбек – адал табыс»
15 Августа, 17:46
В Ассоциации русских, славянских и казачьих организаций Казахстана назначен первый заместитель председателя
20 Августа, 18:19
Прошла XXIX сессия Ассамблеи народа Казахстана Северо-Казахстанской области
20 Августа, 00:00
На базе Северо-Казахстанского университета имени М.Козыбаева, была открыта Студенческая Ассамблея ВУЗа. Это способствует консолидации молодежи и созданию условий для реализации новых инициатив в студенческой среде.