Ассамблея народа Казахстана

ҚАЗАҚСТАН ХАЛҚЫ АССАМБЛЕЯСЫ КЕҢЕСІНІҢ КЕҢЕЙТІЛГЕН ОТЫРЫСЫ

2016 жылғы 25 сәуірде, сағат 11.00-де ҚР Ұлттық музейінде («Ұлттық кітапхана» залы) Қазақстан халқы Ассамблеясы Кеңесінің кеңейтілген кеңесі өтті.

ҚХА Кеңесінің жұмысына ҚР Мемлекеттік хатшысы – Гүлшара Әбдіқалықова, Қазақстан халқы Ассамблеясы Төрағасының орынбасары – Хатшылық меңгерушісі Ералы Тоғжанов, ҚХА Кеңесінің мүшелері, ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаттары, Қазақстанның қоғам қайраткерлері, ғылыми және шығармашыл зиялы қауымның өкілдері қатысты.

Отырыс барысында Солтүстік Қазақстан облысы Қазақстан халқы Ассамблеясының қазақстандық бірегейлік пен бірлікті нығайту жөніндегі қызметі және беларусь этномәдени бірлестігінің қызметіне қатысты мәселелер қаралды.

Іс-шара барысында Қазақстан Республикасы Ұлттық музейіндегі «Қазақстан халқы Ассамблеясы мен Қазақстанның көп этностылығы тарихы» залы таныстырылды.

Сонымен қатар, отырыста қайырымдылық жұмыстарда белсенділік танытқаны үшін Қазақстан халқы Ассамблеясының атынан табысталатын Қазақстан қайырымгерінің «Мейірім» белгісінің нобайының жобасы қаралады.

Отырыс соңында Қазақстан халқы Ассамблеясы Төрағасының қоғамдық орынбасарларының кандидатуралары қаралады.

«Қазақстан халқы Ассамблеясы мен Қазақстанның көп этностылығы тарихы» залында Ассамблея қызметін айқын көрсету арқылы Қазастан тарихын зерттеуде бағалы құндылық болып табылатын тарихи және сурет түрде құжаттар жинағы бар.

Қазақстан аумағына имигрантталған және қазіргі күнге дейін елде тұрып жатқан 38 этностардың тарихын көрсететін 470-тен аса экспонаттар витриналарға қойылған: Витриналар 30 блокқа бөлінген, олардың әрбірінің артқы фонында этнос туралы сипаттама, сурет, мұрағаттық құжаттар және тағы басқалар бар.

 Ұлттық музейдің қоры мен Қазақстанның өңірлердегі этномәдени орталықтары қамтамасыз еткен экспонаттар 3 экспедициялық отрядтан құралған, олардың қатарында ғылыми қызметкерлер, экспозиционерлер мен қор сақтаушылар бар.

Жалпы 818 зат жиналды, экспозицияда 191 экспонат таныстырылған.

Экспозицияда ҚР Ұлттық мұрағаты, Орталық мемлекеттік фотоқұжаттар мен дыбыстық жазбалар мұрағаты, ҚР бірінші Президенті мұрағаттарының мұрағаттық құжаттары қолданылды.

Болгария Республикасының елшілігі «Болгарлар» блогы үшін уақытша сақтауға 10 зат беріп жіберді.