Ассамблея народа Казахстана

БАСПАСӨЗ КОНФЕРЕНЦИЯСЫ

26 мамырда сағат 10.00 Алматы қаласындағы Достық үйінде (Құрманғазы көш. 40 үй, Баспасөз залында) Қазақстан халқы Ассамблеясының қолдауымен Скандинавия мен Қазақстан арасындағы этнографиялық және мәдени байланысты зерттеу бойынша Қазақ Географиялық Қоғамның халықаралық ғылыми жобасына арналған баспасөз конференциясы өтеді.

Баспасөз конференциясында Қазақстан халқы Ассамблеясы Төрағасының орынбасары – Хатшылық меңгерушісі Ералы Тоғжанов, «Қазақ географиялық қоғамы» ҚБ Президиумы Төрағасының орынбасары, Shejire DNA project директоры - Нұрбол Баймұханов, ғалым-тарихшы (Норвегия) - Стурла Еллингваг, ғалым, «Digit» ғылыми-танымал бағдарламаның жүргізушісі (Норвегия) - Джо Ройслиен сөз сөйлейді.

Баспасөз-конференциясының соңында Қазақ Географиялық Қоғамның ұйымдастыруымен қазақстандық БАҚ үшін ғылыми журналистиканы көпшілікке таратуға арналған шеберлік-сыныбы өтеді. Танымал норвегиялық ғалым және «NRK» арнасының тележүргізушісі Джо Ройслиен дәріс оқиды.

Алматы қаласында Қазақстанның тарихы мен мәдениеті туралы деректі фильм түсірумен, сонымен қатар біздің елдеріміздің тұрғындарының этногенетикалық параллельдеріне ғылыми зерттеу жүргізіп жүрген норвегиялық делегация жұмыс жүргізуде.

Делегация құрамында «NRK» арнасының түсірілім тобы мен ғалым-тарихшы Стурлы Эллингвага бар.

Халықаралық ғалымдар тобы ежелде Орталық Азия индоеуропалық тілдердің орталығы болған дегенге байланысты Қазақстан мен Скандинавия халықтарының этнографиялық және мәдени байланысы туралы гипотезаны бірнеше жылдар бойы зерттеуде.

Осы ғылыми жоба қоғам назарын өзіне аударып, Қазақстандағы норвегиялық «NRK» арнасы түсіріп жүрген ғылыми-танымал бағдарламаның басты эпизодына айналды.