ОРТАЛЫҚ АЗИЯЛЫҚ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ҒЫЛЫМИ-САРАПТАМАЛЫҚ КЕҢЕС ОТЫРЫСЫ
2016 жылғы 27 қазанда сағат 15.00-де ҚР Ұлттық академиялық кітапханасында Қазақстан халқы Ассамблеясы аясында «Нұрсұлтан Назарбаевтың «Әлем. XXI ғасыр» манифесі: Орталық Азиядағы өңірлік бірегейлік пен қауіпсіздік» тақырыбында Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25 жылдығына арналған Орталық Азиялық халықаралық ғылыми-сараптамалық кеңестің отырысы өтеді.
Іс-шараға ҚХА Төрағасының орынбасары Леонид Питаленкo, ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаттары, қоғам қайраткерлері, Ресей, ЕО елдері, Латын Америкасы, Үндістан, Қытай, Пәкістан, Оңтүстік Корея, Жапония және басқа мемлекеттердің халықаралық сарапшылары, ҚХА ҒСК мүшелері, мемлекеттік органдар өкілдері, этномәдени бірлестіктер жетекшілері, ғылыми және шығармашыл зиялы қауым және БАҚ өкілдері қатысатын болады.
Кездесу барысында панельдік пікіралмасулар өткізу жоспарланған:
- «Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың жаһандық бейбітшілікті нығайту жолындағы бастамалары»;
- ҚХА-ның «Жібек жолындағы сұхбат» жобасы: Орталық Азия кеңістігінде бірегейлікті нығайтудағы зияткерлік феномен»;
- «Өңірлік қауіпсіздік мәселелері: Орталық Азия үшін заманауи күн тәртібі».
Отырыс соңында, қазақстандық бірегейлік пен бірлікті одан әрі нығайту және дамыту, оны басқа мемлекеттерде көрсету туралы ұсынымдар қабылданатын болады.
31 Мая, 09:10
31 мая — День памяти жертв политических репрессий и голода в Казахстане
2 Июня, 09:30
Состоялась встреча Ассамблеи народа Казахстана с депутатом Национального собрания Франции Бруно Фуксом
1 Июня, 18:26
В Алмате прошла национальная акция «Қазақстан балалары», приуроченная к Международному дню защиты детей
1 Июня, 09:20
Заместитель Председателя Ассамблеи народа Казахстана поздравил с Днем защиты детей
1 Июня, 09:17
Глава государства Касым-Жомарт Токаев поздравил с Днем защиты детей