Ассамблея народа Казахстана

07 Февраля, 2020

684

Ақтөбе: ҚХА Шығыстың Аристотелі - Әль-Фарабидің 1150 жылдығын атап өтті

Ақтөбедегі Достық үйінде Шығыстың Аристотелі атанған ғұламаның 1150 жылдығына арналған «Әл-Фараби және қазіргі заман» атты әуенді-танымдық композиция өтті.


Аталмыш шара дүниежүзілік ғылым мен мәдениетте көрнекті із қалдырған ұлы тұлға, ортағасырлық ойшыл Әбу Насыр Әл-Фарабидің 1150 жылдығын кеңінен атап өту және оның өмірі мен шығармаларын этнос өкілдеріне таныстыру мақсатында ұйымдастырылды, деп хабарлайды ұйымдастырушылар.


«Әл-Фараби рухымен тілдесу» атты театрландырылған қойылыммен басталған шарада Ақтөбе жоғары политехникалық колледжінің студенттері мен «Қоғамдық келісім» КММ маманы, музыка теоритегі Әл-Фарабидің образын сомдап, сол арқылы бабамыздың ғылым мен білімнің құпия сырларын жетік меңгергенін, кейінгі ұрпаққа өшпес өнеге, асыл мұра, қайталанбас қазына қалдырғанын тағы бір еске салды.


Облыстық ҚХА хатшылығының меңгерушісі Маржан Қорғанбаеваға Достық үйінің төріне жиналған көремендер мен қатысушыларды құттықтай келе, Шығыстан шыққан көрнекті ойшыл Әл-Фарабидің әлем таныған тұлға екендігін атап өтті.


Сондай-ақ, РФ-ның Орынбор облысында тұратын қазақ диаспорасының өкілдері ақтөбеліктерді құттықтап келген. Олар Әл-Фарабидің Шығыс Азия мен түркі халықтары үшін аңыз адам, қайталанбас тұлға екендігін атап өтті.

Іс-шара барысында Әл-Фарабидің музыка жанрын зерттеген зерттеуші екендігі де аталып, А.Жұбанов атындағы Ақтөбе музыкалық колледжінің студенттерінен құрылған этноансамбльдің бағдарламасымен жалғасты.


Одан соң, Батыс пен Шығысты терең білімімен бас идірген Фараби туралы «Великий Әл-Фараби» деректі фильмі көрермендердің назарына ұсынылды.

Іс-шарада С. Баишев атындағы облыстық әмбебап ғылыми кітапханасы «Әл-Фараби – ғибратты ғалым» тақырыбында көрме ұйымдастырып, Әл-Фарабидің ғұмыры мен жүріп өткен жолын зерттеген ғалымдардың кітаптары тамашаланды.

Қаладағы түрлі этнос өкілдері мен жастардың басын қосқан шара көрермендердің қошеметіне бөленген украиндердің «Оксана» халықтық хорының орындауындағы «Ақтөбе вальсі» әнімен аяқталды.


Возврат к списку