Алматыда «ZHASTAR INVEST» стартап-жобалар байқауының жеңімпаздары анықталды

Алматыда «ZHASTAR INVEST» стартап-жобалар байқауының жеңімпаздары анықталды

30 мамырда Алматының Достық үйінде Жастар жылы аясында Алматы қаласының жастары үшін диалог алаңын құруға бағытталған іс-шара өтті. Оған «Жанғыру жолы» РЖҚ мүшелері және Алматы қаласы этномәдени бірлестіктерінің жастар қанаттары қатысты.

Жастар жылы аясында «ZHASTAR INVEST» байқауы жарияланып, 24 мамырға дейін жоғары технологиялар, ғылыми жұмыстар, маркетинг, табиғатты пайдалану, экология, білім беру басқармасы және тағы басқа түрлі бағыттар бойынша қызықты стартап-жобамен өтінім беру қажет болған. Барлығы отыз жоба ұсынылса, іріктеу кезеңінен кейін 12 жобаның таныстырылымы өтті.

Құрамына қаланың ірі кәсіпкерлері мен инвесторлары кірген қазылар алқасының мүшелері одан әрі демеу және іске асыру үшін ең үздік жобаларды іріктеді.

Бірінші орынды Руслан Таджібаев («Внедрение и развитие облачных технологией в РК»), 2-ші орынды Ұлжан Елмуратова (Развитие мелкой моторики для детей с ограниченными возможностями с помощью арт занятий) мен Лилия Заитова (Jobs Education), 3-ші орынды Бексұлтан Бердуаш (Flash Medi), Нұрғали Жәнібек (Age of business), Мирас Закарянов (KO’Z) жеңіп алды.

Қалған стартап-жоба таныстырушылары Алматы қаласы Қазақстан халқы ассамблеясының алғыс хаттары мен естелік сыйлықтармен марапатталды.         

          





Возврат к списку