Ассамблея народа Казахстана

23 Декабря, 2024

120

«Ассамблея құрамасы» командасы «Жайдарман» Республикалық Ұлттық лига ойындарында өнер көрсетті

2024 жылғы 20 желтоқсанда Қарағанды қаласының Кеншілер мәдениет сарайында «Жайдарман» Республикалық Ұлттық лигасының ойындары өтті.

Көңілді тапқырлар алаңында Қазақстан халқы Ассамблеясының «Ассамблея құрамасы» командасы бақ сынады. Қазақ, орыс, өзбек және корейлерден тұратын «Ассамблея құрамасы» командасы Қарағанды көрермендерін өз өнерлерімен тәнті етті.

Құрама жоғары әзіл арқылы жалпыұлттық бірлік пен қоғамдық келісімнің маңызды құндылықтарын үйлесімді ұштастырды.

Ойын қорытындысы бойынша «Ассамблея құрамасы» командасы 2-ші орынды иеленді.

Команда капитаны Фурхат топтың әрбір мүшесі өз жұмысына аса жауапкершілікпен қарағанын атап өтті.

Қатысушылар жастар арасындағы жалпыұлттық бірлік, қоғамдық келісім және шынайы достықты көрсетті.

Естеріңізге сала кетейік, Конгресс-холл сарайында өткен «Жайдарман» Ұлттық лигасының финалында «Ассамблея құрамасы» Лига чемпиондары атанған еді.

«Ассамблея құрамасы» қоғамдық келісімді нығайту және мемлекеттік тілді насихаттау мақсатында құрылды.

Возврат к списку