Елорданың Достық үйінде классикалық музыкалық кеш өтті

Елорданың Достық үйінде классикалық музыкалық кеш өтті

Нұр-Сұлтан қаласының Достық үйінде «Радима» белорус этномәдени орталығының ұйымдастыруымен классикалық музыка кеші өтті.

Концерттің бастамашысы «Amigos» квартетінің орындауында көрермендер Эдвард Григтің шығармаларын, дәлірек айтқанда Ішекті квартет соль минор (1, 2, 3 бөлім) туындысын тамашалай алды.

IMG_5926.jpg

Квартет құрамындағы Дарья Мартынова (скрипка), Саид Мамиев (альт), Еркебұлан Құнанбаев (виолончель), Анастасия Мартынова (скрипка) - Қазақ ұлттық университетінің ІІ және ІІІ курс студенттері.

Кеш ұйымдастырушысы Александр Цвет: «Квартет Достық үйінде кеш ұйымдастыруға ниет білдірген соң, «Радима» белорус этномәдени орталығы қолдады. Барлық ұйымдастыру іс-шарасын музыканттар өздері қолға алды. Кеш ойдағыдай өтті. Тіпті музыканттардың ойнауы көпшілікке ұнағаны соншалық, олар биске орындады», – деді.

IMG_5924.jpg

«Amigos» квартеті құрамының мүшелері І курстан бері құрылып, үлкен концерттерге қатысып жүрген болашағынан зор үміт күттіретін музыканттар. Олар университеттің Еуразиялық симфониялық оркестрінің құрамында Германия, Франция, АҚШ елдерінде концерт беріп жүр. Сонымен қатар жеке орындауда Аустрия, Франция мемлекеттерінде конкурстарға қатысқан.

«Биылғы жылдың маусымын осы кешпен аяқтадық. Жаңа маусым күз айында басталады. Бүгінгі кеште Эдвард Григтің Ішекті квартет соль минор шығармалары орындалды. Бұл туындылар оның студенттік кезіндегі алғашқысы. Кезінде тиісті бағасын алмаған шығармаларын автор досына ұсынған. Дей тұрғанмен Кельнде алғаш рет орындалды, бірақ ол сәтте де тыңдаушылар бағаламады. Аталған шығарма кейінірек жоғары бағасын берген тыңдармандарын тапты», – деді квартеттің скрипкашысы Анастасия Мартынова.

Квартет болашақта репертуарын кеңейтіп, үлкен деңгейдегі концерттерде өнер көрсетуді мақсат етеді.

Нұргүл ШАТЕКОВА

Материалды көшіріп жариялау үшін редакцияның немесе автордың жазбаша, ауызша рұқсаты қажет және Қазақстан халқы Ассамблеясы порталына гиперсілтеме берілуі тиіс. Авторлық құқық сақталмаған жағдайда ҚР Авторлық құқық және сабақтас құқықтар туралы заңымен қорғалады. Авторизация бойынша ank_portal@assembly.kz мекен-жайына хабарласыңыз.

Возврат к списку