Ассамблея народа Казахстана

16 Марта, 2020

183

Көкшетау: Наурыз мерекесіне арналған ашық сабақ

Көкшетаудағы Қазақстан этностары арасында мемлекеттік тілді оқыту курстары орталығының тыңдаушыларына «Наурыз мейрамы» мерекесінің қарсаңында қазақ халқының салт-дәстүрлеріне арналған «Қош келдің, Наурыз!» атты ашық сабақ өтті.

Сабақта олар қазақ тілінде өзін, отбасыларын таныстырып, «Қырқынынан шығару», «Тұсау кесу» ұлттық салт-дәстүрлерін көрсетті, Наурыз мейрамына байланысты салт-дәстүрлер мен әдет-ғұрыптарды білу викторинасына қатысып, қазақтың халық әндерін орындап, өлең оқыды.

Естеріңізге салайық, өткен жылы «Қоғамдық келісім» КММ жанында Қазақстан этностары арасында мемлекеттік тілді оқыту курстары орталығы ашылды.

Курстардың негізгі міндеті мемлекеттік тілдің мәртебесін көтеру, түрлі этностар өкілдерінің қазақ тілін тез меңгеруіне және күнделікті қолдануына ықпал ету болып табылады.

Сабақтар тәжірибелі оқытушының басшылығымен мемлекеттік тілді оқытудың жаңа әдістемесін қолдану арқылы аптасына бір рет өтеді.

Возврат к списку