ОРАЛДА ЕҢБЕК АРДАГЕРІНІҢ КІТАБЫ ТАНЫСТЫРЫЛДЫ

Оралдағы Достық үйінде «Зымырап жатқан заман-ай» кітабының таныстырылымы өтті.

Кітап авторы – кезінде «Қазақ КСР-ның еңбек сіңірген ауыл шаруашылығының қызметкері» атағын алған, «Құрмет» орденінің, «Ерен еңбегі үшін» медалінің иегері Есет Ғабдуллин. Еңбек ардагері кітабында өзінің жүріп өткен өмір жолы, өнеге алып, үлгі тұтқан аға-апалары, замандастары, шаруашылық жайы, заман құбылыстары туралы сыр шертеді.

Фотограф рафхат Халелов (94).JPG

«Құрметті Есет Қабдоллаұлы, сізді облыс әкімінің және Жайық жұртшылығының атынан мерейлі 80 жасыңызбен құттықтаймын! Сіз еңбек жолыңызды Орда өңірінде қарапайым механизатор болып бастадыңыз. Уақытпен санаспай еңбек еттіңіз. Ферма меңгерушісі болдыңыз. Алғашқылардың бірі болып шаруа қожалығын құрдыңыз. Барлық қызметте де жақсы табысқа қол жеткіздіңіз. Осынау еңбектеріңіз мемлекет тарапынан лайықты бағаланды. Бүгінде ісіңізді балаларыңыз жалғастыруда. Бұл да үлкен бақыт»,- деді жиынды ашқан облыс әкімінің орынбасары Миржан Сатқанов.

Фотограф рафхат Халелов (31).JPG

Мерейтой иесі – Нарын құмының перзенті, Бөкей ордасының құрметті азаматы. Соған орай шара барысында аталған аудан әкімінің құттықтау хаты оқылып, естелік сыйлығы да табысталды.

БҚО әкімі аппаратының «Қоғамдық келісім» КММ басшысы Медхат Қамбетовтің айтуынша, елге еңбегі сіңген жандар ешқашан елеусіз қалмайды.

Фотограф рафхат Халелов (138).JPG

«Еліміздегі өзге ұлт өкілдері секілді, мемлекет құраушы қазақ халқының да елеулі азаматтарын назарымыздан тыс қалдырмауға тырысамыз. Бүгінгі ұйымдастырып отырған шарамыз - соның бір дәлелі. Есет Ғабдуллин ағамыз қандай да құрметке лайық»,- деді М.Қамбетов.

Фотограф рафхат Халелов (164).JPG

Содан соң өңірімізге танымал еңбек ардагерлері Әділғазы Нұрғалиев, Нұрлан Ізтілеуов, ғалым Тілекжан Рысқалиев, ардагер журналист Тихон Әліпқали, БҚО аумақтық инспекциясының басшысы Лавр Хайретдинов сынды мерейгердің достары, әріптестері, інілері лебіздерін білдірді.

zhaikpress.kz

Возврат к списку