Әрқашан күн сөнбесін: Атырауда бүлдіршіндерді Халықаралық балаларды қорғау күнімен құттықтады

Әрқашан күн сөнбесін: Атырауда бүлдіршіндерді Халықаралық балаларды қорғау күнімен құттықтады

1 маусым балаларды қорғау күніне орай Атыраудың Достық үйінде «Әрқашан күн сөнбесін» мерекелік шарасы өтті.

ANU_6690.JPG

Әр түрлі ұлттың басын біріктірген мерекелік шараға «Қоғамдық келісім» КММ-нің өкілдері, этномәдени бірлестіктердің төрағалары мен мүшелері, Атырау қаласының «Тропикано» украин хореографиялық ансамблінің, «Всплеск» славян шығармашылық студиясының, «Татулық» татар хореографиялық ансамблінің, «Иверия» грузин хореографиялық би ансамблінің өнерпаздары және кішкентай бүлдіршіндер қатысты.

ANU_6694.JPG

Шара барысында өнерпаздар қазақ, орыс тілдерінде ән салып, би билеп, спорттық ойындар ұйымдастырып, Достық үйінің алдында түрлі түсті бояулармен асфальт бетіне суреттер салып, балалық шақтың бақытты сәттерін бастан кешірді. Сонымен қатар, кішкентай бүлдіршіндерге тәттілер таратылып, барлық қатысушылар «Әрқашан күн сөнбесін» әнін орындап, мерекелік көңіл күймен тарқасты.

ANU_6707.JPG

Возврат к списку