ШЫМКЕНТ ҚАЛАСЫНЫҢ ҚХА МҮШЕЛЕРІ БАЛАЛАРҒА ҚУАНЫШТЫ МЕРЕКЕ СЫЙЛАДЫ

ШЫМКЕНТ ҚАЛАСЫНЫҢ ҚХА МҮШЕЛЕРІ БАЛАЛАРҒА ҚУАНЫШТЫ МЕРЕКЕ СЫЙЛАДЫ

1 маусым – Халықаралық балаларды қорғау күніне орай Шымент қалалық Қазақстан халқы Ассамблеясы «Бірге күліп, шаттанайық!» мерекелік іс-шарасын өткізді.

Достық үйі ауласында өткен мерекені ұйымдастырушылар балдырғандарға қызық бағдарламалармен қатар сыйлықтар жасады.

Мерекелік іс-шараға қалалық Қазақстан халқы Ассамблеясы хатшылығы мен «Қоғамдық келісім» КММ қызметкерлері, қаладағы этномәдени бірлестіктердің төрағалары мен мүшелері және көпбалалы, аз қамтылған отбасылардан 150-ден астам бала қатысты.

Салтанатты жиында қалалық ҚХА төрағасының орынбасары Мұратәлі Қалмұратов мерекенің маңызына тоқталып, балаларға ыстық лебізін білдірді.

«Кез келген ел келешегін өскелең ұрпағымен байланыстырады. Біз қолдан келгеннің бәрін сендер үшін жасаудамыз. Ал болашақта сендер Қазақстанның игілігі үшін аянбай еңбек етеді деп сенеміз. Жас буынға қамқорлық жасау дәл осы мереке қарсаңында ескерілетін шаруа емес, ол барлық уақытта қоғамның назарында болатын маңызды міндет», – деді М. Қалмұратов

Қалалық Оқушылар сарайының өнерпаздары бүлдіршіндердің назарына ертегілер желісімен дайындалған қызықты сахналық қойылымдар мен көңілді ойындар ұсынды.

Сондай-ақ бұл күні қалалық ҚХА-мен бірге славян, әзірбайжан этномәдени бірлестіктері Шымкент қаласындағы №11 емханада тіркеуде тұрған мүмкіндігі шектеулі балалар мен қалалық №3 балалар үйінің тәрбиеленушілеріне барды. Ассамблея мүшелері 148 балаға сыйлық үлестірді.

Возврат к списку