Ассамблея народа Казахстана

05 Февраля, 2020

714

Өскемен: Ақсақалдар кеңесі рухани құндылықтарды дәріптейтін жобаны жүзеге асырмақ

Өскемендегі Достық үйі-Қоғамдық келісім орталығында қалалық Ақсақалдар алқасы дөңгелек үстел басында бас қосты.

Олар жыл көлемінде өткізетін бірқатар іс-шараларды талқылап, бағдарлама әзірледі. Ағымдағы жылы Ұлы Абайдың мерейтойы тойлануына байланысты, ақсақалдар ақынның өмірі мен шығармашылығына арналған жоба енгізді. Мақсаты – жастарға рухани құндылықтарды дәріптеу болып табылады. Осы жоба аясында олар оқу орындарына барып, жастарға Абайдың шығармашылығы туралы дәріс оқуды көздеп отыр.

Абай мұрасы – баға жетпес асыл қазына. Ол өмір сүрген жылдары 170-ке жуық өлең шығарып, қара сөздері арқылы мол ақыл-өсиет қалдырды. Сондықтан өскелең ұрпақтың Абай мұрасымен сусындауы маңызды. Ақсақалдардың да алға қойған мақсаты осы. Жас ұрпақты патриоттық рухта тәрбиелеп, қазақ халқының мәдениеті мен дәстүрін насихаттау, дейді шараны ұйымдастырушылар.


Жиын соңында Ақсақалдар алқасының мүшесі Болат Әлімғожинді 80 жас мерейтойымен құттықтап, алғыс хат табысталды. Ақсақалдар алқасының төрағасы Сайлаухан Аухадиев мерейтой иесіне өлең жолын арнап, иығына шапан жапты.

Возврат к списку