Жаңа туған нәрестені қорғайды және табыс әкеледі деген ниетпен домбыраға «үкі» тағылған

Шығыс Қазақстан облысы Қазақстан халқы ассамблеясы және этномәдени бірлестіктер өкілдері бірлесе отырып Домбыра күні мерекесінде Өскеменнің 1-ші және 2-ші Ана мен бала орталығының перзентхана бөлімдеріне барып, «Ұлттың саз байрағы – Домбыра» акциясын өткізді. 

_MG_1382.JPG

Осы тамаша мереке күні Шоматов Дархан Жұмагелдіұлы мен Бақыт Оралбекқызының отбасында салмағы 3 килограмм 316 грамм Кәусар атты қыз дүниеге келді. Сондай-ақ, Мұратов Эльдар мен Жансая Секенованың отбасында сәби дүниеге келді. Акция қатысушылары «домбыра» ұлттық құралын жаңа туған нәрестелерге сыйға тартып, жас аналарға қажетті сыйлықтар табыс етті. Қазақ халқының салт-дәстүрлерін сақтай отырып, жаңа туған нәрестені қорғайды және табыс әкеледі деген ниетпен домбыраға «үкі» бекітіп берді, өйткені үкі қазақ халқының қасиетті құсы болып табылады.  Әр сыйлық балаға арналған естелік тілектермен сүйемелденді.

_MG_1392.JPG

Бұл шара Қазақстанның жаңа азаматтары мен олардың ата-аналары үшін балалардың рухани қалыптасуында маңызды өмірлік бағыт болады.

Жаңа туған нәрестелердің туған-туыстары Қазақстан халқы ассамблеясы мүшелерінің сапарына таңданды. Өткізілген акциядан кейін жаңа туған нәрестелердің туған-туыстарымен естелік фотосуреттер жасалды.

Возврат к списку