Сайтов Жолмурат Маңғыстау облысы «Аллаяр жолы» қарақалпақ ЭМБ төрағасы

Версия для печати

Бәріңізге белгілі, қандай мемлекет, ұлт болсын өзінің даму тарихында түлеп, түрленіп, жаңғырып отырмаса, онда қоғам дамуының үдерісіне ілесе алмай қалады. Бұл адамзат өркениетінің барысында дәлелденген.

Сондықтан да Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев тәуелсіздіктің алғашқы жылынан бастап ел дамуының ұлы жоспарларын жасап, даму үрдісін жетілдіріп отырды. «Қазақстан – 2030», «Қазақстан – 2050» Стратегиялық жоспарлары – соның айғағы. Ендігі кезекте Елбасы рухани әлемді жаңғырту арқылы қазақстандықтардың нағыз елжанды бейнесі мен болашаққа деген батыл қадамын орнықтыруды қолға алды. Латын қарпіне көшу – әлем қазақтары мен түркітілдес ұлттардың рухани бірлігінің негізі болады.