Ассамблея народа Казахстана

«Bіlіm» білім беру волонтерлігі жобасы

Өзекті мәселе және оны шешу

Бүгінгі таңда Қазақстан ауқымды жаңғырту мен жаһандық интеграция аясында тұр, XXI ғасырда бәсекеге қабілетті, болашақтың құзыретті білікті маманы табыстылықтың кепілі болып табылады.

Білім Тәуелсіз Қазақстанды дамытудың маңызды басымдығы болып табылады, бұл мемлекеттің стратегиялық құжаттары мен бағдарламаларында көрініс табады. Елбасы, Ұлт Көшбасшысы, ҚР Тұңғыш Президенті Н.Ә. Назарбаев: «Білім мен кәсіби машық – заманауи білім беру, кадрларды даярлау мен қайта даярлау жүйесінің  негізгі бағдарлары. Алға қойған міндеттерге қол жеткізу үшін қазақстандықтар әлемнің жоғары білімді ұлтына айналуы тиіс».  

Адами даму рейтингісі бойынша 2017 жылдың қорытындысына сәйкес Қазақстан АДР өте жоғары деңгейлі елдердің қатарына енді, бұл маңызды жетістік болып табылады. Еліміз «Білім» санатында айтарлықтай жоғары нәтижелер көрсетті, халықтың сауаттылық деңгейі 99,7%-дан асты. Алайда қосымша білім беру жүйесінде әлі шешілмеген мәселелер бар.

4.0 өндірістік революция жағдайында тек өз ресурстары мен жетістіктерін пайдалана отырып, формальды білім беру қазіргі әлемнің сын-қатерлеріне жауап бере алмайды, ол формальды емес білім беру практикасымен жетілдірілуі тиіс.

ЭЫДҰ елдерінің білім беру саясаты жоғары, техникалық және кәсіптік білімнің қолжетімділігі мен сапасын ғана емес, сондай-ақ ересектер үшін бейресми және үздіксіз білім беруді де қамтиды.

Бүгінгі күні бүкіл ел бойынша Достық үйлері жанында мемлекеттік және ағылшын тілдерін, Қазақстан этностарының тілдерін оқыту кабинеттері, сәндік-қолданбалы шығармашылық орталықтары және басқа да тегін негізде халыққа білім беру қызметтерін көрсетуге бағытталған кабинеттер жұмыс істейді. Бұл жұмысты мемлекеттің даму бағыттарының өзектілігін және жаһандық әлемнің қажеттіліктерін ескере отырып жалғастыру қажет.

Жобаның негізін жеке тәжірибелерді жеткізуге және нақты дағдылар мен құзыреттіліктерге үйретуге қабілетті қоғам өмірінің түрлі салаларынан келген волонтер-мамандар құрауы тиіс.

Жобаның мақсаты:

- волонтерлік жұмысқа мамандарды тарту;

- мектеп оқушылары арасында ерте жастан кәсіптік бағдар беру жұмысын дамыту;

- халықтың қалың жігі үшін қосымша білім беру жүйесін дамыту;

- азаматтық және білім беру бастамаларының орталығы ретінде Достық үйлерінің имиджін қалыптастыру;

- білім беру жүйесі арқылы тәлімгерлік және тәрбие институтын құру;

- қоғамға әлеуметтік міндеттерді шешуде көмек көрсету.

 Күтілетін нәтижелер:

- Қазақстан халқы Ассамблеясы тәлімгерлерінің қалыптасқан институты;

- білім берудің ресми жүйесіне практикалық көмек;

- жастарды белсенді оқыту жүйесіне тарту;

- өскелең ұрпаққа болашақ мамандықты таңдауда көмек көрсету;

- еліміздің білім беру мекемелерінде ҚХА «Жарасым» жастар клубтарының қызметін күшейту;

- ҚХА кадрлық резервін қалыптастыру.

Жобаның сипаттамасы:

«Bіlіm» жобасы Достық үйлері жанында бағыттар бойынша қосымша білім беру және консультациялық қолдау (бірақ олармен шектелмей) орталықтарын ұйымдастыру мүмкіндігін қамтиды:

- мемлекет дамуының өзекті бағыттары бойынша тренингтер мен білім беру модульдерінің жүйесі (кәсіпкерлік, әлеуметтік жобалау, Сандық сауаттылық, IT-құзыреттілік және т. б.);

- өңірдің оқушыларымен ерте жастан кәсіби бағдар беру жұмысы (болашақ мамандықты таңдауда практикалық көмек);

- өңірдің ересек тұрғындарына арналған білім беру іс-шаралары;

- өңірдегі білім беру мекемелері жанында ҚХА «Жарасым» жастар клубтарының жүйесін одан әрі дамыту.

 ________________________

Үйлестіруші – Александр Урмашов (+7 7059792267), «Қарағанды медицина университеті» АҚ комплаенс-офицері, «Дакия» румын мәдени қоғамы» қоғамдық бірлестігі жастар қанатының жетекшісі.