Қазақстан халқы Ассамблеясы
 
Found: 66
Where: tags — амал [x] наурыз көже [x] Отпан тау [x] Амал мерекесі [x] Қазақстан халқы ассамблеясы [x] облыс [x] Nur Otan [x] әнші [x] көшбасшылар [x] Ұлы даланың жеті қыры [x] жыр [x] партия [x] » жастар қанаты [x] Қазақстан халқы Ассамблеясы [x]

Атырауда ҚХА-ның ғылыми-сараптамалық тобының жұмысына этномәдени бірлестіктері тартылмақ

Х. Досмұхамедов атындағы Атырау мемлекеттік университетінде облыстық Қазақстан халқы ассамблеясының ғылыми-сараптамалық тобы мүшелерінің үстіміздегі жылғы алғашқы отырысы өтті. Оның барысында ғылыми-сараптамалық топтың жаңа құрамы бекітіліп, 2019 жылғы жұмыстың есебі тыңдалып, 2020 жылға арналған жұмыс жоспары таныстырылды. Шара барысында ұлт бірлігі мен этносаралық келісім, Қазақстан этностарының тарихы туралы ҒСТ мүшелерінің ғылыми еңбектерінің кітап көрмесі ұйымдастырылды. Х. Досмұхамедов ...

Көкшетау: Арнайы көрме-экспозицияда қазақ халқының мол қолөнер үлгілері таныстырылды

Көкшетау қалалық қазақ кітапханасында Елбасының «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында және Қазақстан халқы Ақмола ассамблеясының жанындағы облыстық Аналар кеңесінің «Қыз тәрбиесі ұлт тәрбиесі» жобасын іске асыру мақсатында «Халық қолөнері – халық қазынасы» атты шеберлік сағаты өтті. Ұйымдастырушылардың ақпаратына сәйкес, іс-шараның басты мақсаты - қазақ халқының мол қолөнер үлгілерімен таныстыра отырып, халық өнерін қастерлеуге, үлгі тұтуға үйрету, қазақтың ежелгі салт-дәстүрлерін сақтай отырып, ...

Ләйлә Төрешова: Алаштың анасына баланған қасиетті Сыр өңірі

Биыл Қазақстан Халқы Ассамблеясының құрылғанына ширек ғасыр толады. Осы уақыт аралығында ол ұлттар арасындағы татулық пен бірліктің, қоғамдағы тұрақтылықтың алтын көпіріне айналды. Қиын жылдарда Сыр өңірінен сая тапқан сан ұлттың ұрпақтары бүгінде туған жерді түлетуге еңбек сіңіріп келеді. Мереке қарсаңында Қызылорда облыстық ҚХА-ның хатшысы Ләйлә Төрешовамен әңгімелескен едік. - Ләйлә Бегалықызы бүгінде Қазақстан халқы Ассамблеясы қоғамдық бірегей институтқа айналып, елімізде тұрақтылық пен кел ...

Ж.Түймебаев Жібек жолы феноменін таныту үшін университеттерде ЮНЕСКО кафедраларын ашуды ұсынды

Бүгін Алматы қаласында «Ұлы Жібек жолы: Орта ғасырлардан біздің кезеңге дейін мәдениетті жақындастыру» тақырыбында халықаралық дөңгелек үстел өтті. Аталмыш шараға Қазақстан халқы Ассамблеясы Төрағасының орынбасары – Ассамблея Хатшылығының меңгерушісі Жансейіт Түймебаев, ҚР мәдениет және спорт министрлігі жанындағы Мәдениеттерді жақындастыру орталығының директоры Олжас Сүлейменов, ҚХА-ның Достық елшісі, Франция президентінің Қазақстанмен ынтымақтастық жөніндегі кеңесшісі Туар-Оборон Малгожата, ...

Ж.Түймебаев: Елбасы Түркі әлемінің рухани байлығын әлемге танытты

Түркияда интернет қолданушылары арасында жүргізілген әлеуметтік зерттеу жастар көп іздейтін тұлға - түркі әлемінің лидері Нұрсұлтан Назарбаев екенін айғақтады. Бүгін Ұлттық академиялық кітапханада Тұңғыш Президент күні аясында өткен «Түркі әлемінің тұғырлы тұлғасы» алқалы жиынында Қазақстан халқы Ассамблеясы мен Халықаралық Түркі академиясының қолдауымен түркиялық публицист, профессор Күршад Зорлуның «Назарбаев көшбасшылығы: Ұлы Даланың өрлеуі» кітабының тұсаукесері болды. «Әр мемлекеттің белгіл ...
  relevance date