Қазақстан халқы Ассамблеясы

Қазақстан Республикасының «Дустлик» өзбек этномәдени бірлестіктерінің қауымдастығы

Алғашқы өзбек мәдени орталығы 1989 жылы бұрынғы Оңтүстік Қазақстан облысында құрылған. «Қазақстан Республикасы өзбектер этномәдени бірлестіктері "Дустлик" ЗТБ 1995 жылы құрылды. 2011 жылы «Дустлик» қауымдастығы қайта тіркеуден өтті. Оның құрылтайшылары - Ақмола, Алматы, Жамбыл, Қарағанды, Қызылорда, Қостанай, Маңғыстау және Оңтүстік Қазақстан облыстарының, сонымен қатар Нұр-Сұлтан мен Алматыдағы өзбек этномәдени орталықтары.


Ресурстық база: Өзбек тіліндегі мектептер саны - 136, оның ішінде 17 - толық, 119 - аралас мектептер бар. Оңтүстік Қазақстан облысының кәсіптік лицейлері мен колледждерінде өзбек тілінде оқытатын топтар жұмыс істейді. Түркістан педагогикалық колледжінде бастауыш сынып мұғалімдері өзбек тілінде оқытатын мектептер үшін дайындықтан өтеді.

Өзбек тілінде 10-нан астам газет-журналдар шығарылады, 10-нан астам әдеби-шығармашылық бірлестіктер сәтті жұмыс істейді. Екі өзбек театры бар, Сайрам қаласында (Түркістан облысы) облыстық өзбек драма театры және Түркістандағы Қарашық ауылында өзбек халық театры жұмыс істейді. Әр өзбек орталығында жексенбілік мектептер бар, вокалды-хореографиялық ансамбльдер құрылды.

Басшысы: Хашимжанов Икрам Акрамович

Басты жобалары: 2001 жылы өзбек тілінде оқытатын мектептерде екі тілді білім беру жүйесін енгізу жобасы басталды. 2006 жылдан бастап жыл сайынғы мемлекеттік тілді білуге ​​арналған «Мемлекеттік тіл - білім - парызың» республикалық конкурсы өтіп келеді. 2006 жылы дәстүрлі халықаралық «Лапар» фестивалі ЮНЕСКО-ның «Әлемдік материалдық емес мәдени мұра» тізіміне енгізілген. Жыл сайын Наурыз мерекесі тойланады. 1998 жылдан бастап «Әмір Темір» халықаралық қайырымдылық қорының филиалы жұмыс істейді. 2007 жылы ұлттық күрестің «Қазақстан күресі федерациясы» одағы құрылды. 2003 жылы «Қазақстанның өзбек жастары одағы» құрылды. 1992 жылдан бастап жыл сайын Офарин сайысы өткізіліп келеді. 1995 жылдан бастап жыл сайын өзбек этностарының тілі, мәдениеті мен дәстүрлері күндері өткізіліп келеді. Түркістанның 1500 жылдығын, Тараздың 2000 жылдығын мерекелеуге қатысты. «Қайырымдылық керуені» қайырымдылық жобасына белсенді атсалысып келеді.

Байланыс мәліметтері

Заңды мекенжайы: Шымкент қ., Абай ауданы, Қызылжар шағынауданы, Гагарин көшесі, 35В үй

Телефон.: +7 701 497 61 54

электронды пошта: uzculcenkz@mail.ru

Возврат к списку