Қазақстан украиндерінің Радасы
«Қазақстан украиндерінің радасы» республикалық заңды тұлғалардың қауымдастығы 2005 жылдың қазан айында құрылды. Оның құрамына 11 этномәдени бірлестік кіреді. «Қазақстан украиндерінің радасы» ЗТБ 2006 жылдан бері «Дүниежүзілік украиндар конгресінің» мүшесі болып табылады.
Ресурстық база: «Вести украиний» республикалық газеті қазақ, украин және орыс тілдерінде шығады. Бейбітшілік және келісім сарайында Украинаның тарихы мен мәдениеті туралы экспонаттар, украин әдебиетінің бай кітапханасы, көркем халықтық өнер мұражайы орналасқан. Еуразия ұлттық университетінде Украинаның ғылым және мәдениет орталығы құрылды. Аймақтардағы әр қоғамдық бірлестіктің вокалдық және би топтары бар, олардың 8-і халықтық атаққа ие. Жастар бірлестіктері мен этнолингвистикалық жексенбілік мектептер құрылды.
Басшысы: Тимощенко Юрий Евгеньевич
Негізгі жобалар: Этносаралық толеранттылықтың қазақстандық моделінің тәжірибесін тарату, Қазақстан халқы Ассамблеясының бастамасымен өткен барлық іс-шараларға белсенді қатысуды мақсат тұтады.
Киев әскери лицейі мен «Жас ұлан» республикалық мектебінің өкілдері арасында жастарға әскери-патриоттық тәрбие беру бойынша тәжірибе алмасуды ұйымдастыру, украин және қазақ халық шығармашылығының жыл сайынғы халықаралық және республикалық фестивалдерін, халықаралық Шевченко оқуларын, гала-концерттерді, көрмелерді, тренингтерді, мектеп оқушыларымен кездесулерді ұйымдастыру және өткізу. «SOS Астана балалар ауылы» жетім балаларға, Ана мен бала ұлттық ғылыми орталығының, ардагерлер мен қарт адамдарға қайырымдылық көмек көрсету. Білім беру жобасы жүзеге асырылуда, соның арқасында көптеген қазақстандықтар Украинаның жоғары оқу орындарында білім алуда. «Қазақстанның Украиналық Радасы» ЗТБ өткізетін барлық іс-шаралар ұлттық бірлікті одан әрі нығайтуға және этномәдени бірлестіктер өкілдерінің қоғамның модернизация процестеріне қатысуын арттыруға ықпал етеді.
Байланыс мәліметтері
Нұр Сұлтан қ. Тәуелсiздiк, 57-үй, Бейбітшілік және Келісім Сарайы, 427 каб
Телефондар: +7 (7172) 74 46 41, +7 (7172) 76 70 87
электронды пошта: rada.uk @ mail.ru; radaukr.kaz@gmail.com
26 Наурыз, 13:20
Алматыда Ұлыстың ұлы күні - Наурыз мейрамында қайырымдылық іс-шарасы өтті
27 Наурыз, 17:00
«Ұлттық құрылтайдың үшінші отырысында айтылған бастамаларды іс жүзінде іске асыру» тақырыбындағы дөңгелек үстел
22 Наурыз, 13:56
Маңғыстауда «Бірлік түбі береке» атты мерекелік шара өтті
вчера, 22:29
Алматы қаласындағы республикалық Достық үйінің ұйымдастыруымен Ұлттық құрылтай отырысына қатысушылармен республикалық онлайн семинар өтті