«Қазақстанның «ВАЙНАХ» шешен және ингуштар қауымдастығы» қауымдастық түріндегі ЗТБ
Қазақстанда вайнах этномәдени орталықтары 80-жылдардың соңында құрыла бастады. Вайнах қауымдастығы 1995 жылы 31 наурызында тіркелген. Ал заңды тұлғалар бірлестігі ретінде ұйым 1997 жылы 29 шілдеде тіркелген. 2013 жылғы 19 маусымда «Қазақстанның «Вайнах» шешен және ингуштар қауымдастығы» қауымдастық түріндегі ЗТБ қайта тіркеуден өтті. Оның құрамына 16 шешен мен ингуш этномәдени бірлестіктері кіреді.
Ресурстық база: Өңірлерде көркемөнерпаздар ұжымдары құрылып, жұмыс істеуде. Ана тілдерін оқытатын мектептер ашылды. Би топтары бар.
Басшылары: Мурадов Ахмет Сейдарахманұлы (шешен этникалық тобы), Келигов Юсуп Хасанұлы (ингуш этникалық тобы)
Негізгі жобалар: Жыл сайын Алғыс айту күні қарсаңында 1944 жылғы депортация құрбандарын еске алуға арналған шаралар өткізіліп, оларға көмек пен қолдау көрсеткені үшін қазақ халқына алғыс айтылады. Профессор Ж.Ермекбаевтың авторлығымен «Қазақстанның шешендері мен ингуштері» кітабы жарық көрді. 31 мамырдағы жаппай саяси қуғын-сүргін құрбандарын еске алу күніне арналған «Болашақты еске алу» жобасына үнемі қатысып отырады.
Жыл сайын Солтүстік Кавказ республикаларынан қонақтар шақырылып, ақсақалдардың, жастардың, діни лидерлердің қатысуымен кездесулер өткізіледі. Науқас жандарға, жетім балаларға, мұқтаждарға, балалар үйіне қайырымдылық көмек көрсетіліп тұрады.
Қазақстандық патриотизмді, ұлттық бірлік пен қоғамдағы келісімді нығайтуға арналған түрлі медиа-жобаларға қатысып отырады. Қазақстан мен Шешенстан университеттері арасында байланыс орнатуға ықпал етуде.
Қазақстан Республикасында тіркелген халықаралық ұйымдармен: БҰҰ, ЕҚЫҰ, Еуропа Кеңесі, сондай-ақ гуманитарлық, құқықтық қолдау және этномәдени даму мәселелері бойынша елшіліктермен байланыстар қарқынды түрде жүргізілуде.
Байланыс мәліметтері
050010, Алматы қ., Құрманғазы к-сі, 40, Достық үйі, 2 бөлме
Телефоны: +7 (7272) 72 68 15
e-mail: rk.vaynah@mail.ru
11 Қыркүйек, 22:01
Марат Әзілханов Жамбыл облысының «Масанчи жастары» қоғамдық бірлестігінің белсендісі З.Лировпен кездесті
11 Қыркүйек, 21:45
Марат Әзілханов ҚХА-ның «Біртұтас қоғам: келісім және сенім» қоғамдық жобасының жетекшісі Л.Буларовпен кездесу өткізді
12 Қыркүйек, 15:55
Алматыда Қазақстан халқы Ассамблеясы Аналар кеңесінің республикалық форумы өтті
11 Қыркүйек, 21:51
Марат Әзілханов Ұлттық «Тоғызқұмалақ» федерациясының вице-президенті Б. Оспановпен кездесті
11 Қыркүйек, 21:54
Марат Әзілханов Алматы қ. ҚХА төрағасының орынбасары В. Лукашевпен кездесу өткізді