01 Наурыз, 2022
407
Ақтөбеде славян мәдениеті күні аясында бірқатар шара өткізілді
Ақтөбе облысы Қазақстан халқы ассамблеясы ғимаратында «Веков, связующая нить» атты халықаралық славян мәдениеті күні аясында «Славян халқының тарихы мен мәдениеті» тақырыбында дөңгелек үстел өткізілді.
Шараға облыстық ҚХА мүшелері, этномәдени бірлестіктер өкілдері, «Қоғамдық келісім» КММ мамандары, «Славян» Ақтөбе аймақтық орталығы» ҚБ мен БАҚ өкілдері қатысты.
Аталмыш шараға «Қазақ тілі» халықаралық қоғамының Орынбор өкілдігінің төрағасы С.Таикешева, «JAS QANAT» Еуразиялық Жастар одағының атқарушы хатшысы Р.Чукеев, Қ.Жұбанов атындағы аймақтық мемлекеттік университетінің проректоры т.ғ.д., профессор Р. Бекназаров, философия ғылымдарының кандидаты, ҚХА ғылыми-сараптама тобының мүшесі Д. Мацюк қатысып, шекаралық ынтымақтастық шеңберінде мәдени, гуманитарлық, этносаралық байланыстарды одан әрі дамыту мен нығайту жөнінде келелі әңгіме қозғап, Қазақстан этностарының мәдениетін, салт-дәстүрлерін, рухани-мәдени мұрасымен жастарды Қазақстанның этникалық әралуандылығының мәдени құндылықтарына ден қойылып, ашық ойларын ортаға салды. Іс-шара барысында қатысушыларға Қазақстан халқы Ассамблеясының тыныс тіршілігі мен жұмыс барысы таныстырылып, ғимаратта экскурсия жүргізілді.
Сонымен қатар, «Қазақ тілі» халықаралық қоғамының Орынбор өкілдігінің төрағасы С.Таикешева екі ел ынтымақтастығы мен достық қарым-қатынастың болашақта сақталатынын жеткізіп, өз ризашылығы ақтөбелік әріптестеріне жолдады.
Іс-шара концерттік бағдарламаға ұласты.
Ұқсас жаңалықтар
-
31 мамыр - Саяси қуғын-сүргін және ашаршылық құрбандарын еске алу күні
-
Мемлекет басшысы 31 мамыр – Саяси қуғын-сүргін және ашаршылық құрбандарын еске алу күніне орай Х әлеуметтік желісіндегі парақшасында арнайы жазба жариялады
-
Батыс Қазақстан облысында неміс этносының күні атап өтілді
-
Көкшетауда «Қазақстан татарлары: тарихы, мәдениеті, тілі, әдебиеті» атты ғылыми-практикалық конференция өтті
-
9 мамыр - Жеңіс күні Қазақстан халқы Ассамблеясының мүшелері Ұлы Отан соғысының ардагерлерін құттықтады
-
Қазақстан халқы Ассамблеясы Төрағасының орынбасары Жеңіс күнімен құттықтауы
26 Мамыр, 01:08
ҚОРДАЙ АУДАНЫНДА ЖАҢА СПОРТ НЫСАНЫ АШЫЛДЫ
29 Мамыр, 19:26
Ақмола облысында ҚХА ХХVІІ сессиясы өтті
28 Мамыр, 14:16
Астана қ. Достық үйінде «Прогрессивті ұлттың іргелі құндылықтары» тақырыбындағы ҚХА Ғылыми-сарапшылық кеңесінің кеңейтілген отырысы өтті
29 Мамыр, 22:08
С.Сейфуллиннің 130 жылдығына орай Қарағандыда ҚХА-ның екі күндік форумы басталды
27 Мамыр, 16:35
Ақмолада «Еңбек пен бірлік жарасқан өңір» бірегей жобасы бастау алды