Қазақстан халқы Ассамблеясы

02 Мамыр, 2024

97

Алматы облысы су тасқынынан зардап шеккен өңірлерге гуманитарлық көмектің кезекті бөлігін жіберді

1 мамыр-Қазақстан халқының бірлігі күні, елдегі барлық этнос өкілдерінің достығы мен келісімінің мерекесі, бұл қазақстандық патриотизмнің, елімізге, халқымызға деген адалдықтың мерекесі.

Мұның бәрі құр сөз емес, бұл күні Алматы облысының әкімі Қазақстан халқы Ассамблеясының мүшелерімен бірлесіп, су басқан өңірлерге гуманитарлық көмегінің кезекті бөлігін жіберді. Бұл жолы Солтүстік Қазақстан облысының Петропавл қаласына үйлерді қалпына келтіруге қажетті 25 тонна құрылыс материалдары жөнелтіледі.

«Біз барлық қиындықты бірлесе отырып еңсереміз. Жалпы Алматы облысынан бүгінде зардап шеккен өңірлерге 300 тоннадан астам гуманитарлық көмек жіберілді, 171 бірлік техника және 500 - ден астам еріктілер барып, қарғын судан зардап шеккен өңірлердің тұрғындарына көмек көрсететті» , - деп атап өтті облыс әкімі Марат Сұлтанғазиев.

Қазақстанда көптеген этностардың өкілдері өмір сүреді, олардың әрқайсысының өзіндік мәдениеті, дәстүрлері мен тілі бар.

«Бүгінгі таңда Ассамблеяның басты міндеттерінің бірі-су басқан өңірлердегі отандастарымызға көмек көрсету. Бүгін Алматы облысының Ассамблеясыны су басқан аймаққа үшінші рет көмек көрсеткелі тұр. Жағдай түзелмейінше, біз бұл істі жалғастырамыз» , - деді Алматы облысы ҚХА төрағасының орынбасары Гамзе Гейдаров.

Ұлттық бірлікті нығайту еліміздің және халқымыздың табысты болашағының кепілі болып қала береді. Біздің құндылықтарымыз бен мұраттарымыз ортақ. Өйткені, біз бәріміз Қазақстан атты қара шаңырақта тұрамыз.

Кейін қарай