07 Ақпан, 2022
468
Қарағандыда ғылыми-сараптамалық топ мүшелері студенттермен онлайн кездесу ұйымдастырды
Қарағандыда «Адамгершілік құндылықтары және бүгінгі қоғам» атты Қарағанды облысы ҚХА ғылыми-сараптамалық топ мүшелерінің ұйымдастыруымен Қарағанды техникалық университетінің студенттеріне арналған ZOOM платформасында кездесу өтті.
Қарағанды облыстық «Ассамблея жастары», ғылыми-сараптамалық топтың ғалымдары мен сарапшылар қатысқан кездесуде түсінім мен келісім сынды қасиеттер, Жаңа Қазақстанды құру жолындағы бағыттар мен адамгершілік қағидаттары жайлы айтылды.
Қарағанды облысы ішкі саясат басқармасының «Қоғамдық келісім» КММ басшысы Әйгерім Исбекова алғы cөзінде қоғамның өркендеуі болашақ ұрпақтың қолында екенін және мемлекеттің тұрақты дамуының негізі - бәсекеге қабілетті жастар буыны, ал бұл тікелей жас қазақстандықтардың білім мен білік сапасына, олардың ұмтылысы мен ынтасына және рухани құндылықтарға байланысты екенін атап өтті. Сондай ақ, жастарды бірлік пен келісімді нығайтуға, қоғамның барлық әлеуметтік салаларына, қайырымдылық жұмыстарына, этномәдени бірлестіктермен байланыста болып, ҚХА жобалары аясындағы шараларға қатысуға шақырды.
Қатысушы студенттерге Қарағанды техникалық университеті, Қазақстан халқы Ассамблеясы және ӘГП кафедрасының аға оқытушысы, гуманитарлық ғылым магистрі Жарқын Түсіпбеков пен Қарағанды облысы Қазақстан халықы Ассамблеясы Ғылыми-сараптамалық тобының мүшесі, Е.А.Бөкетов атындағы Қарағанды университеті «Философия және психология» факультетінің доценті Әсем Сағатов әзірлеген презентацияларын ұсынып, тұшымды баяндамалар жасады. Тарихшы ұстаздар ой тазалығымен қатар, жүректің адал болуымен егіз келетін қасиет, адамзаттың жан дүниесінің айнасы саналатын адамгершілік – рухани тәрбиеден бастау алатынын атап, ұлы ойшылдардың тәмсілдерін мысалға келтірді.
Сондай ақ, «қаңтар оқиғасының» ел дамуының болашақ бағдарын терең ұғынуға міндеттпеп, күнделікті өмірімізде «бейбітшілік», «бірлік» және «қоғамдық келісім» сияқты басты құндылықтар қоғам өркендеуінің іргелі негіздері болып табылатынын баса айтты.
Ұқсас жаңалықтар
-
С.Сейфуллиннің 130 жылдығына орай Қарағандыда ҚХА-ның екі күндік форумы басталды
-
Астана қ. Достық үйінде «Прогрессивті ұлттың іргелі құндылықтары» тақырыбындағы ҚХА Ғылыми-сарапшылық кеңесінің кеңейтілген отырысы өтті
-
Алматы облыстық ҚХА мүшелерімен Ғалым Шойкин кездесті
-
Көкшетауда «Қазақстан татарлары: тарихы, мәдениеті, тілі, әдебиеті» атты ғылыми-практикалық конференция өтті
-
9 мамыр - Жеңіс күні Қазақстан халқы Ассамблеясының мүшелері Ұлы Отан соғысының ардагерлерін құттықтады
-
«Жүректен жүрекке» акциясы аясында ҚХА Республикалық және өңірлік штабтарының онлайн отырысы өтті
26 Мамыр, 01:08
ҚОРДАЙ АУДАНЫНДА ЖАҢА СПОРТ НЫСАНЫ АШЫЛДЫ
29 Мамыр, 19:26
Ақмола облысында ҚХА ХХVІІ сессиясы өтті
28 Мамыр, 14:16
Астана қ. Достық үйінде «Прогрессивті ұлттың іргелі құндылықтары» тақырыбындағы ҚХА Ғылыми-сарапшылық кеңесінің кеңейтілген отырысы өтті
29 Мамыр, 22:08
С.Сейфуллиннің 130 жылдығына орай Қарағандыда ҚХА-ның екі күндік форумы басталды
27 Мамыр, 16:35
Ақмолада «Еңбек пен бірлік жарасқан өңір» бірегей жобасы бастау алды