28 Сәуір, 2024
143
«Бірлік жүгірісі» республикалық жартылай марафоны өтті
Қазақстан халқы Ассамблеясы Астана қаласының триатлон федерациясы, Туризм және спорт министрлігі, Мәдениет және ақпарат министрлігі, Астана қаласының әкімдігімен бірлесіп 2024 жылғы 28 сәуірде Қазақстан халқының бірлігі күніне орай «Бірлік жүгірісі» республикалық жартылай марафонын ұйымдастырды.
«Бірлік жүгірісі» – Қазақстан халқы Ассамблеясының «Біз әртүрліміз, бірақ теңбіз» қағидасы бойынша ұлттық құндылықтарды, қоғамдағы өзара түсіністік пен келісімді нығайтуға бағытталған, салауатты өмір салтын насихаттауға арналған іс-шараларының бірі.
Спорттық жарысқа Қазақстан халқы Ассамблеясы Төрағасының орынбасары М.Әзілханов, Парламент депутаттары, мемлекеттік органдардың, республикалық және астаналық этномәдени бірлестіктердің, жастар және еріктілер ұйымдарының, спорт федерацияларының, жүгіру клубтарының өкілдері, елорда тұрғындары мен қонақтары қатысты.
«Бірлік жүгірісі» бір мезгілде еліміздің 15 өңірінде басталып, салауатты өмір салтын қолдайтын 15 мыңға жуық спортшыны жинады.
Жарыста қатысушылар жартылай марафондық қашықтықты,
21, 10 және 5 км қашықтықты еңсерсе, ең жас спортшылар 1 км қашықтыққа жарысты. Мәреге жеткендердің барлығы естелік медальға ие болды. Жеңімпаздар жас санаттары бойынша бағалы сыйлықтармен марапатталды.
Жарыс аясында барлық қажетті қауіпсіздік шаралары қамтамасыз етіліп, кәсіби төрешілер төрешілік етті.
«Бірлік жүгірісі» жарысы еліміздің барлық өңірлерін қамти отырып, жыл сайын өткізіледі.
Ұқсас жаңалықтар
-
Қызылордада ҚХА Ақсақалдар кеңесінің қатысуымен дөңгелек үстел өтті
-
Жетісу облысында Қазақстан халқы Ассамблеясының «Бірлік - дамудың негізі» тақырыбында III-ші облыстық сессиясы өтті
-
Алматы облысында медиацияға қатысты семинар-тренинг өтті
-
Ақмола облысында ҚХА ХХVІІ сессиясы өтті
-
Астана қ. Достық үйінде «Прогрессивті ұлттың іргелі құндылықтары» тақырыбындағы ҚХА Ғылыми-сарапшылық кеңесінің кеңейтілген отырысы өтті
-
Алматы облысында «Этносаралық қатынастарды реттеу кезіндегі медиацияны жүргізу негізі» тақырыбында облыстық семинар-тренинг өтті
26 Мамыр, 01:08
ҚОРДАЙ АУДАНЫНДА ЖАҢА СПОРТ НЫСАНЫ АШЫЛДЫ
29 Мамыр, 19:26
Ақмола облысында ҚХА ХХVІІ сессиясы өтті
28 Мамыр, 14:16
Астана қ. Достық үйінде «Прогрессивті ұлттың іргелі құндылықтары» тақырыбындағы ҚХА Ғылыми-сарапшылық кеңесінің кеңейтілген отырысы өтті
29 Мамыр, 22:08
С.Сейфуллиннің 130 жылдығына орай Қарағандыда ҚХА-ның екі күндік форумы басталды
27 Мамыр, 16:35
Ақмолада «Еңбек пен бірлік жарасқан өңір» бірегей жобасы бастау алды