27 Қыркүйек, 2023
487
ОРАЛ ҚАЛАСЫНДА ҚАЗАҚСТАН ХАЛҚЫ АССАМБЛЕЯСЫ РЕСПУБЛИКАЛЫҚ АНАЛАР КЕҢЕСІНІҢ КЕҢЕЙТІЛГЕН ОТЫРЫСЫ ӨТЕДІ
Іс-шараға Қазақстан халқы Ассамблеясы Төрағасының орынбасары Аурика Дяк, ҚР Парламенті Сенатының депутаты Нүрия Ниязова, Батыс Қазақстан облысы әкімінің орынбасары Бақытжан Нарымбетов, Қазақстан халқы Ассамблеясы республикалық Аналар кеңесінің төрайымы Назипа Шанаи, «Ассамблея жастары» РҚБ төрағасы Тимур Жұмырбаев, БҚО бойынша Адам құқықтары жөніндегі уәкілінің өкілі Аманқос Жұбаныш және өңірлік ҚХА Аналар кеңесінің мүшелері, психологтар, қоғамдық ұйымдарының мүшелері қатысады.
2023 жылғы 28 қыркүйекте Достық үйінде өтетін «Мәдениетті ана – мәдениетті ұлт» форумы барысында қатысушылар рухани-адамгершілік тәрбие бағытын талқылайды, өңірлік Аналар кеңестері қызметінің тәжірибесімен бөліседі. Ал практикалық бөлігінде отырысқа қатысушылардың «Салтанат сарайында» көп балалы аналармен кездесуі жоспарланып отыр, онда «Бесікке салу», «Тұсау кесу» қазақтың салт-дәстүрлері орындалады. Сонымен қатар, «Оқушылар сарайында» «Достық», «Жас сарбаз», «Айбын» үйірмелерінің оқушыларымен кездесіп, электронды вейпке қарсы акциясын өткізеді.
Іс-шара барысында сессия жұмыстары өтеді, ол жерде қазіргі қоғамның жаман әдеттері тақырыбы және олармен күресу әдістері, нашақорлық пен буллингтің алдын алу мәселелері талқыланады.
29 қыркүйекте Достық үйінде сағат 15:00-де Қазақстан халқы Ассамблеясының республикалық Аналар кеңесінің пленарлық отырысы өтеді.
Қазақстан халқы Ассамблеясының республикалық Аналар кеңесінің белсенді мүшелерін марапаттау болады.
АҚПАРАТ ҮШІН: Қазақстан халқы Ассамблеясының Аналар кеңесі (бұдан әрі – аналар кеңесі) - өз қызметін 2013 жылы бастаған Қазақстан халқы Ассамблеясының қоғамдық құрылымы.
Қазіргі уақытта елдің барлық өңірлерінде 1712 Аналар кеңестері жұмыс істейді, оның ішінде 178 аудандық және 1302 ауылдық деңгейде. Аналар кеңестерінің ең көбі Түркістан (204), Ақтөбе (176), Батыс Қазақстан (161) және Алматы облыстарында (146) шоғырланған.
Аналар кеңесінің активі 14000-нан астам адамды құрайды. Кеңестердің жұмысына көп балалы аналар, патронат аналар, мемлекеттік құрылымдардың, үкіметтік емес ұйымдардың қызметкерлері, психологиялық-медициналық мекемелердің, дағдарыс орталықтарының мамандары, этномәдени бірлестіктердің, ғылыми және шығармашылық зиялы қауымның өкілдері, медиаторлар, жастар белсенді түрде қатысады.
Аналардың кеңесі отбасы институтын сақтау мен нығайтуда, өскелең ұрпақты тәрбиелеуде, ажырасулардың санын азайтуда, жасөспірімдер арасындағы қылмыс пен құқық бұзушылықтың алдын алуда маңызды рөл атқарады. Олар әйелдердің құқықтық сауаттылық деңгейін арттыру бойынша консультативтік-ақпараттық жұмыс жүргізеді, табысты отбасылардың тәжірибесін таратады, қолайсыз отбасылармен профилактикалық жұмыс жүргізеді, ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалардың проблемаларын шешуге қатысады.
Ұқсас жаңалықтар
-
Қазақстан халқы Ассамблеясы Төрағасы орынбасарының Халықаралық балаларды қорғау күнімен құттықтауы
-
Қызылордада ҚХА Ақсақалдар кеңесінің қатысуымен дөңгелек үстел өтті
-
Жетісу облысында Қазақстан халқы Ассамблеясының «Бірлік - дамудың негізі» тақырыбында III-ші облыстық сессиясы өтті
-
Астана қ. Достық үйінде «Прогрессивті ұлттың іргелі құндылықтары» тақырыбындағы ҚХА Ғылыми-сарапшылық кеңесінің кеңейтілген отырысы өтті
-
Шымкентте «Тірегіміз - тәуелсіздік, байлығымыз - бірлік, мақсатымыз - өрлеу» тақырыбында қалалық Қазақстан халқы Ассамблеясының V сессиясы өтті
-
«Ел бақыты - еңбек пен бірлікте» тақырыбында Түркістан облысы Қазақстанхалқы Ассамблеясының XXVI сессиясы өтті
26 Мамыр, 01:08
ҚОРДАЙ АУДАНЫНДА ЖАҢА СПОРТ НЫСАНЫ АШЫЛДЫ
29 Мамыр, 19:26
Ақмола облысында ҚХА ХХVІІ сессиясы өтті
28 Мамыр, 14:16
Астана қ. Достық үйінде «Прогрессивті ұлттың іргелі құндылықтары» тақырыбындағы ҚХА Ғылыми-сарапшылық кеңесінің кеңейтілген отырысы өтті
29 Мамыр, 22:08
С.Сейфуллиннің 130 жылдығына орай Қарағандыда ҚХА-ның екі күндік форумы басталды
27 Мамыр, 16:35
Ақмолада «Еңбек пен бірлік жарасқан өңір» бірегей жобасы бастау алды